Page 8 - 2.3.3
P. 8
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жұмыс дәптері әр оқушының оқу үдерісін меңгерудегі
табыстылығын белгілеу үшін жетістіктер картасын қамтиды.
Бекіту мен қайталаудан кейін, сабақ уақытында білім мен
дағдыны бақылау жүзеге асады. Сіз, сондай-ақ, әрбір та-
қырып бойынша оқушының барлық іс-әрекеттерін мұқият
бақылап талдай отырып, оның жетістігіне сабақ барысында
special-edu.kz. special-edu.kz.
баға бересіз.
ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАРҒА ОҚУ
ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқу жоспарының мазмұнына сәйкес екінші сыныптан
бастап оқу және тіл дамыту бойынша келесі міндеттер
қарастырылады:
1) оқушыларда сөздердің дыбыстық құрылымын бұзбай,
екпінін дұрыс қоюды сақтап, мәтіндерді дұрыс оқуды
қалыптастыру;
2) түсінуге қолжетімді шығармаларды мәнерлеп оқу тә-
special-edu.kz. special-edu.kz.
сілдерін меңгеруге ықпал ету;
3) оқушылардың оқығанын түсінуін қамтамасыз ететін
ойлау үдерістерінің қарқынына сәйкес шапшаң, мәнерлеп
оқу дағдысын қалыптастыру.
Осы нұсқаулықта екінші сынып оқушылары үшін оқу және
тіл дамытуға арналған сабақтардың күнтізбесі келтірілген.
Оқу тақырыптарының атауы ретінде бағдарламаның
мынандай бөлімдері қолданылады: балалардың мектептегі
өмірі, оқушылардың міндеттері туралы шағын көлемді
әңгімелер; жақсы және жаман қылықтары туралы, достық
және жолдастық көмек; отбасы туралы, ересектердің ең-
бегі туралы; балалардың үй шаруасына араласуы туралы;
Нұр-Сұлтан туралы, ұлттық мерекелер және жұмыс маман-
special-edu.kz. special-edu.kz.
дықтары, адамдардың еңбекке, табиғатқа, бір-біріне деген
көзқарастары туралы; оқушылардың қоғамға пайдалы
еңбегі туралы, түрлі жыл мезгілдерінде жануарлар мен
адамдардың өмірінде болатын өзгерістер жайлы. Сонымен
6