Page 7 - 2.3.3
P. 7

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           берілген. Бұл оқушылардың тілін дамытуға жан-жақты жағ-
           дай жасайды.
             Ортақ тақырыптар бойынша  сюжетті суреттер берілген.
           Суретке байланысты сұрақтар мен тапсырмаларға оқушы
           мұғалім көмегімен сөйлем және әңгіме құрастыру керек. Бұл
           тапсырмада берілетін сұрақтар оқушының даму деңгейіне
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           сәйкес болуы қажет.
             Оқушы  тапсырмасының  күрделілігі  сіздің  оның  жетіс-
           тігін байқауыңызға байланысты таңдалады. Есіңізде болсын,
           кез келген оқушы тапсырмалардың күрделілік деңгейінің
           барлығына қол жеткізе алмайды. Оқушы өзінің қабілетіне
           қарай, мысалы, бірінші деңгейдегі күрделіліктің материа-
           лымен ғана жұмыс істеуге құқылы.
             Оқушы  мәтінде  өзіне  берілген  деңгейдегі  тапсырмаға
           қол жеткізсе, онда мұғалім ол оқушыны келесі деңгейлік
           тапсырмаға көшіріп отырады.
             Жұмыс дәптері оқулықтың мазмұнын толықтырады және
           оқушы  жұмыс  дәптерімен  кейбір  сабақта  жеке  жұмыс
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жасайды.
             Сыныпта басқа оқушылардан кейін жұмыс дәптерімен
           айналысатын оқушылар болуы мүмкін. Олар дайын болған
           кезде ғана жұмысқа кірісуге мүмкіндік беру керек.
             Білім алып жатқан оқушылар жазу жұмысының (бастыру,
           бояу, штрихтау) тек жұмыс дәптерінде орындалуы керектігін
           түсінуі  қажет.  Оқулықпен  жұмыс  жасағанда,  қарындаш,
           қаламмен сызуға, бояуға болмайды, тек оқу түрлерін қол-
           дану қажет.
             Жұмыс  дәптерінде  жаттығу  тапсырмаларын  орындау
           үшін,  оқушы  алдымен  оқулықтағы  мәтінді  дұрыс  түсініп
           оқып, белсенді қызметтерді қалыптастыруы керек. Олар:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қарау,  контур  бойынша  бастырып  сызу,  қайта  өңдеу
           және т.б. Оқушының зейінін қалыптастыру, талдау және
           жинақтау әрекетіне, салыстыруға, көрнекілікті үйлестіруге,
           өзін-өзі бақылауды дамытуға жағдай жасалады.


                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12