Page 12 - 2.3.3
P. 12

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          биелік міндеттері тек қана мазмұндық жақты ғана емес,
          сонымен бірге әртүрлі әдістемелік жақты да қамтиды. Бұл
          дегеніміз – мұғалім оқушылардың тәлімдік қызметін бас-
          қарумен қатар, олардың жан-жақты дамуына қол жеткізу
          деген сөз.
            Арнайы мектепте оқу сабағы жалпы міндеттермен қатар
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          зияты зақымдалған балалардың қабілетін түзете-дамыту
          парызын атқарады. Олардың сөйлеу мәнері, оқу дағдылары
          біртіндеп дамиды. Логикалық ойлау жүйесінде кейбір кем-
          шіліктер түзетіледі. Мәтінді оқу үстінде атқарылған тиісті
          жұмыстар образдық қабылдаудағы кемшіліктерді түзетуге
          көмектесіп, оқушылардың сөздік қорын көбейтіп, белгілі бір
          жағдайда өздігінен сөйлеу әдісін қалпына келтіруге дұрыс
          жағдай жасайды.


                         2. Оқу әдістемесінің негіздерi
            Арнайы  мектептердің  сыныптарындағы  оқу  және  тіл
          дамыту сабағын оқытудың негізінде кітап оқуды үйрену және
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          оқу қабілетін дамытып қалыптастыру сияқты аса маңызды
          психологиялық құбылыстар қарастырылады. Психологиялық
          факторлардың шарттылығы: оқушыларды оқыту барысында
          заттар туралы түсінік беру үшін материал мазмұнын баянда-
          ғанда, баяулығы, өмір туралы түсінігінің аз екенін, тілінің
          кемістігінің, оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-
          есінің дамуы жағын және ойлау мен қабылдау қабілетін
          ескеріп отыру кезінде қажет болмақ.
            Арнаулы психологиялық әдебиеттерде мүмкіншілігі шек-
          теулі  оқушылардың  мәтіндерді  қабылдау  ерекшеліктері
          арнайы қаралған.
            Психологтар В. Г. Петрова, В. А. Сумарокова, И. В. Беля-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          кова  және  басқалардың  зерттеулеріндегі  әдеби  шығар-
          маларды түсінуді тек таза түсіну деп қана емес, оны эсте-
          тикалық тұрғыдан да түсіну қажет. Оқушылардың эстетикалық
          сезім түйсігінің төмендеуі мәтіндерді талдағанда олардың


          10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17