Page 17 - 2.3.3
P. 17

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           мазмұн  көркемделуінде  мынаған  көңіл  аудардық:  осы
           кездегі мәнерлеп оқу әдісі педагогика ғылымдары талқылап
           берген теориялық жағдайларға негізделеді. Мәнерлеп оқуды
           дұрыс ұйымдастыру үшін көркем әдебиет шығармасының
           өзіндік ерекшелігін ескерген жөн. Сондай-ақ әр сатыдағы
           оқу үдерісінен психологиялық негізін, мүмкіншілігі шектеулі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           балалардың мәтінді қабылдап, оны түсіну ерекшеліктері
           де еске алынады. Біз қарастырып отырған оқу курсының
           теориялық және әдістемелік негізі қазақ тіліндегі арнайы
           мектептердің бастауыш сыныптарында оқытылатын оқулық-
           тар мен бағдарламалардың мазмұнын анықтауда басшы-
           лыққа алынады. Оқу мен тіл дамыту бағдарламасының тал-
           дауы – қазақ тілі бағдарламасының бір бөлімі. Бұл бағдар-
           ламаның  негізгі  жағдайлары  түсініктеме  қағазда  және
           бағдарламаның  өзінде  оның  сыныпқа  бөлінуіне  сәйкес
           белгіленген. Оқу пәндерінің тапсырмалары төмендегідей:
           2-сыныптардағы оқу пәнінің негізгі тапсырмасы – дұрыс,
           тез, түсініп және мәнерлеп оқудың қалыптасуы. Осының
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           негізінде шығарманың мәтінімен жұмыс істеу өз бетінше
           кітап  оқуды  дамыту  болып  табылады.  Мұның  мағынасы
           жайында бөлімнің мазмұнында кеңінен ашылып жазылған.
           Одан  мұғалім  оқу  тематикасының  негізгі  бағыттарымен,
           әр оқу жылында балалардан талап ету шарттарымен та-
           нысады.
             Оқудың мазмұны арнайы мектептердің тәрбиелік бағыт-
           тарына  сай  қойылған:  балаларға  еңбек  адамдары  мен
           еңбекке деген сүйіспеншілікті туғызу, табиғатқа деген нәзік
           сезімге тәрбиелеу. Сонымен қатар отбасы мен жолдаста-
           рының арасында өзін мәдениетті ұстау шарттарын қалып-
           тастыра бастау. Шығармаларды тақырыптар бойынша бөліп,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           оны жыл айларына қарай орналастыру оқуды әр жылдың
           мезгіліндегі құбылыстармен жеке адамдардың еңбектерімен
           байланыстыруға  мүмкіндік  береді.  Ал  ол  тек  еңбекпен
           шектелмей, мейрамдар өткізумен, яғни өмір мен оқудың


                                                                          15
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22