Page 27 - 2.3.3
P. 27
special-edu.kz.
special-edu.kz.
суретпен сипаттап, мысалдар қолданылады (мазмұнына
сәйкес).
Мәтінді қайталап оқу кезеңінің мақсаты – балалардың
ойында оқыған шығарманы сақтап, оған алған әсерін мә-
нерлеп оқу арқылы нығайту. Мұнда әртүрлі әңгімені қайта
оқу, рөлге бөліп оқу, мәнерлеп оқу жаттығулары және
special-edu.kz. special-edu.kz.
талдап оқу тапсырмалары болады.
Бұл тапсырмаларда мұғалімнің түсіндіруі оқуға деген
уақытты үнемдеу үшін мұқият ойланып, дайындап, басқа
әңгімеге уақыт кетпеуін қарастырған жөн. Мәтінді қайталап
оқу да жоспар жасау жұмысымен байланысты.
Оқығанды айтып беру мақсаты – оқушылардың оқыға-
нын, мазмұнды қаншалықты дұрыс түсініп, сезінгенін
анықтайды. Мазмұнды баяндағанда, оқушылар өз сөз-
дерімен айтуға, жоспарлы біркелкі айтуға жаттығады.
Шығарманың мазмұнына, көлеміне, көздеген бағытына,
оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сабақты қайта айтып
берудің түрлері қарастырылады. Ауызша суреттеу, толық,
special-edu.kz. special-edu.kz.
қысқаша айту, іріктеп (теріп) айту, басқаның атынан айту,
ұқсастырып айту.
Қорытынды әңгіменің мақсаты – оқушылардың терең
ойлап, барлық қорытындыларды түсінуі. Бұл әңгімеге қоры-
тынды сұрақтары енеді. Мұнда кейіпкерлердің мінез-
құлқы талқыланып, оқушылар мен мұғалімнің өмірге деген
көзқарасы анықталады. Қорытынды әңгімелер шығарма
толық оқылып біткенде өткізіледі.
Тыңдалым және айтылым (ауызша сөйлеу тілін және
фонематикалық естуді дамыту):
• артикуляциялық жаттығу;
• сөзді дыбыстық талдау;
special-edu.kz. special-edu.kz.
• естілген сөзді қабылдау, естілген сөзден тілдік
бірліктерді ажырату (сөйлем, сөз, буын, дыбыс);
• естіген мәтіннен қойылған мақсатқа сәйкес ақпарат
алу;
25