Page 5 - 2.5
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ӘЛІППЕ ОҚУДАҒЫ САУАТ АШУ КЕЗЕҢІ
special-edu.kz.
special-edu.kz. Арнайы мектептегі сауат ашу
кезеңінің ерекшеліктері
Сауат ашу пәні арнайы мектептегі балаларды оқыту
жүйесінің ішіндегі ең қиын тараулардың бірі болып саналады.
Бұл қиындыққа зерде бұзылысы бар балалардың буындар
мен сөздерді, дыбыстар мен әріптерді меңгеруіндегі
қиындықтар мен даму ерекшеліктері себеп болады. Ең
алдымен, бұл зерде бұзылысы бар баланың талдау және
топтау сияқты басты психикалық әрекетінің, сондай-ақ
көру және есту түйсіктерінің, артикуляциясының, кеңістікті
бағдарлауының, қимылдарының, яғни оқу мен жазуына
special-edu.kz. special-edu.kz.
тікелей қатысы бар бөлімдерінің бұзылуына байланысты
болады.
Әліппе кезеңі арнайы білім беру мектебінде бір
жылға созылады, ал әліппеден кейінгі кезең 2-сыныпқа
қалдырылады. Сауат ашу басқа мектептердегідей талдау-
жинақтау әдісімен жүргізіледі, бірақ төмендегідей өзіндік
ерекшеліктері болады:
1. Дыбыстар мен әріптердің кезектілігі зерде бұзылыстары
бар балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктеріне (дыбыс
айту ерекшеліктеріне) байланысты жүйеленеді.
2. Айтылуы ұқсас дыбыстарды қатар беруге болмайды.
3. Алдымен тез қабылдап, игере алатын дыбыстар өтіледі.
special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Оқытудың негізгі бөлігі ретінде буын алынады.
5. Жазу мен оқыту қатар және бір мезгілде жүреді.
6. Сауат ашу сабағының барысы тәрбиелік, түзетулік және
дамыту сипатында болады.
3