Page 8 - 2.5
P. 8

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          және сөзді буынға бөлуді меңгереді. Бұл не? – Алма. Бұл –
          сөз. Содан кейін сөздің графикалық белгісімен танысады.
          Тапсырма  орындау  барысында  жалпылама  сөздер,  түр
          түс,  сөйлем  құрау  дағдыларын  жетілдіреді  және  а,  о
          дыбыстары  бар  сөздерді  естіп  тауып,  ажыратып  айтуға
          жаттығады. Мысалы, ойыншықтар арасынан а дыбысы бар
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          ойыншықтарды табу, о дыбысы бар заттарды атап, буынға
          бөлу (10-б).
            21-бетте суреттерді дұрыс атап, «н» әрпін дұрыс айтып,
          орнын анықтау, сөйлем құрау.
            Сауат ашуды оқып-үйрену арнайы білім беру мектебінде
          төрт  кезеңге  бөлінеді.  Әр  кезеңде  дыбыстың  әріппен
          сәйкестілігін  нақтылауға,  ұқсас  дыбыстар  мен  әріптерді
          ажырату,  буындар  жиынтығын  жалпы  түсіну  және  т.б.
          сияқты өткенді қорытып бекітуге арнайы уақыт бөлінеді.
          Оқушылар бірінші кезеңде а, о, л, т, м дыбыстары мен
          әріптерін оқып үйренеді. Зерде бұзылыстары бар балалар
          әріп белгісін меңгеруде қиналады, қиындықты жеңілдету
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          үшін әріптердің сипаттамасының (неге ұқсайтыны) берілуі,
          айтылуы, жазылуы, ажыратуына арналған тапсырмалар
          жүйесі қарастырылған. Әріпті есте сақтауға оны сипаттайтын
          өлең, теңеулер қолдану тиімді. Мысалы:




            А
                                              Үш санына ұқсайды,
            Міне, екі таяқша,                 З
            Ортасында белбеуі.                «З» әрпіне қарашы.
            Әрқашанда ол әріп,
            Әліпбидің басында.                Ы
              О                               «Ы» әрпі әрқашан,
                                              Таяқпенен жүреді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Дөңгеленген дөңгелек,
            Қай әріпке ұқсайды?
            Бір әріп бар дөңгелек,
            Келеді ол дөңгелеп.

          6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13