Page 13 - 2.5
P. 13
special-edu.kz.
special-edu.kz.
4. Біркелкі дыбыстардан құралған буындарды салыстыру,
олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
5. Үйретілген дыбыс сөздің басында, ортасында және
соңында келетін мысалдарды іріктеп алу.
6. Біркелкі дауыстылары немесе дауыссыздары бар
буындарды оқу (ла, та, ма, са, со, су).
special-edu.kz. special-edu.kz.
7. Бейнелі суретті бағыттай отырып берілген сөздің
жетпей тұрған буынын қосып сөз жасау.
8. Бірінші буынды және бейнелі суретті бағытқа ала
отырып екінші буынды табу, осы буын кездесетін сөзді
іздестіріп тауып алу.
9. Әліппе бойынша сөздерді, қысқа сөйлемдерді және
бейнелі суреттердің астына жазылған атаулы сөздерді оқу.
Оқыған сөздердің суреттегі бейнелерін табу, мұғалімнің
сұрағына оқығандары бойынша жауап беру.
10. Қиылып кесілген әріптерден оқыған буындарын,
сөздерін және сөйлемдерін құрастыру, оларды тақтадан,
әліппеден көшіріп жазу.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Бұл тапсырмалар екінші кезеңде өтетін сабақта дидак-
тикалық ойындар немесе жаттығулар түрінде қолданылуы
мүмкін.
Сауат ашудың үшінші кезеңінде бірінші сынып оқушылары
қ, ш, ы, е, д, к, і, з, г, ұ, ң, ү, х, ө, һ, я, ю дыбыстары мен әріп-
терін оқып үйренеді.
Буындық құрылыстан жіңішке дауысты дыбысты ашық
буын (пә, ті) және төрт әріптен (би-ік, қи-ық) тұратын жуан
және жіңішке буынды, кері буынды оқып үйренеді.
Бұл кезеңдегі оқуға үйретудің ең басты қиындығы –
оқушылардың жіңішке дауысты дыбыстардан құрылған
буындарды оқи алуын, артикуляциясы ұқсас дыбыстарға
special-edu.kz. special-edu.kz.
(ж, ш, ү, ұ, ә, а) құрылған буындарды айта білуін жетілдіру.
Бұл кезеңдегі пайда болған қиындықты жою үшін
мұғалім белгілі бір тәсілдерді қолдануға тиісті. Көбінесе
ұқсас буындарды оқу (ха-ка, ма-ба, ла-да, бү-гу), ашық
11