Page 15 - 2.5
P. 15
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Өткен кезеңдердегі оқып үйренгендерін тұрақтандырып
бекіту үшін пайдаланған тапсырмаларға есту бойынша
жазып алуды талап ететін тапсырма қосылады.
3 және 4-кезеңдерде балалардың оқуына ұсынылытын
сөздермен сөйлемдердің саны көбейеді. Бірақ бір сынып-
тағы оқушыларды оқуға дағдыландыру деңгейі әртүрлі
special-edu.kz. special-edu.kz.
болады осыны ескере отырып, тек оқулықты ғана емес,
сонымен бірге оқушылардың үлгерімдерінің әртүрлілігіне
қарап, мұғалім арнайы сөздер жазылған тілікше қағаздарды,
бейнелі суреттермен безендіріліп балаларға арналған
кітапшаларды пайдаланып отырғаны жөн болады.
Қайталауда жыл бойында өткен тақырыптар бойынша
мәтіндер, өлеңдер, жұмбақ, мазмұнды, ілеспелі суреттер
жүйеленіп берілген. Балалардың даму деңгейіне байланысты
әртүрлі тапсырмалар ұсыну арқылы оқушылардың бай-
ланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру көзделеді.
Жұмыс дәптерінде әріп пен дыбысты өту барысында
төмендегі кезектілік сақталған;
special-edu.kz. special-edu.kz.
– әріп белгісімен таныстыру үшін әріптің сипаттамасын
беру;
– дыбысты дұрыс айту;
– дыбысты ажырату, дыбыстың сөздегі орнын анықтау,
белгілеу;
– әріп элементтерін, бас әріп, кіші әріптерді жазу. Өту
кезектілігіне байланысты жазуға берілген материалдар
күрделендіріліп беріледі (буын, сөз, сөйлем);
– дыбыс пен әріптің байланысын бекітуге арналған және
түрлі логикалық тапсырмалар.
Буынға бөліп оқытып үйрету
special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқытуға үйрету буынға бөліп оқытып-үйретуден бас-
талады. Мұндай оқу барысының күрделілігі ақыл-есі
қалыпты дамыған балаларға да, әсіресе танымдық қызметі,
сондай- ақ есту қабілеті сияқты психофизикалық жағының
13