Page 19 - 2.5
P. 19
special-edu.kz.
special-edu.kz.
сары түсті – жіңішке дауыстылар деп белгілеп, түсті
әріптерді пайдалануға болады.
Серіппелі дауыссыздары бар буындарды оқыған кезде
буындағы дауыстыны, содан кейін тұтас буынды оқу тәсілі
қолданылуы мүмкін (а-па, а-та, а-ға).
Дауыстыларды әріптің алдына шығаруды бірте-бірте
special-edu.kz. special-edu.kz.
тоқтатып, мұғалім балаларды алдымен екінші әріпті, содан
кейін тұтас буынды оқуға бейімдейді. Оқушылар кейін оны
екінші қайтара оқуына да болады, бұл әріпке мұғалім ғана
назар аударады.
Келесі кездесетін қиындықтар – бітеу буын (сал, сол, сан,
тон т.б.). Алғашқы кезде әдеттегідей бір бітеу буыннан
тұратын сөз құрастырылады және оқылады. Сөзді оқу,
оқығанын түсінуді қалыптастыру жүргізіледі.
1. Басқа буындар да бітеу буындар сияқты «талдау ізімен
құрылады және оқылады».
2. Бұл жердегі тәсіл бұрынғы игерген буындық құрылысқа
әріпті қосу немесе өсіріп жетілдіру болып табылады.
special-edu.kz.
4. Сөзді құрастыру және оқу. special-edu.kz.
Сондықтан кез келген ұғымға әріптің қосылуы арқылы бітеу
буын жасалуы мүмкін (ша-ра, ша-р, ша-ш, қа-р т.б).
3. Бұдан кейін әріптерді алмастырып оқу (сал – сол,
қар – қас т.б.), буындық кестедегі ұқсас сөздерді оқу сияқты
бұрыннан белгілі тәсілдерді пайдаланады.
Оқушылар дыбыстарды, әріптерді оқып үйренумен және
негізгі буындық құрылысты меңгерумен қатар, сөзді оқуға
жаттығады.
Сауат ашуды оқу кезеңіндегі оқу, әдеттегідей буын
жүйесімен оқу деп аталады, осыған сәйкес оқуға ұсынылатын
сөздер буын жүйесіне бөлініп беріледі.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Сөзді оқуға жаттығуды дұрыс қою үшін баланың түсінігіне
жеңіл әрі оқуына оңай таныс сөздердің, сонымен қатар,
керісінше олар түсінбейтін дыбыстың құрамы таныс емес,
күрделі сөздердің бар екенін есте сақтау қажет.
17