Page 22 - 2.5
P. 22
special-edu.kz.
special-edu.kz.
– Оқы. Ағаштың атын оқып болған соң суреттен көрсет
және тағы басқалар.
Оқу дағдысын жетілдіру үшін жаттығуға лайықты көрнекі
құралдарды іріктеп алу қажет.
Жаттығу үшін іріктеп алынған сөз балалар күнделікті
қолданып жүрген және түсінуге жеңіл болу керек.
special-edu.kz. Әліппе бойынша оқу
special-edu.kz.
Зерде бұзылыстары бар балалардың сауатын ашу үшін
қалай, неден және қандай жолмен бастап оқыту туралы
мәселе қозғалады. Сауатын ашуға оқулық (Сауат ашу),
әліппе кестесі, әріп қиындылары, бейнелі суреттер, тағы
басқа пайдаланылады.
Осы аталған оқу құралдарын сауат ашудың барлық
кезеңдерінде қолдануға болады. Оқып үйренудің негізгі
мақсаты – сауат ашу оқулығындағы ол үшін жеңіл сөз тіркесі
және қысқа сөйлемдерді оқу және түсіну.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Сонымен қатар сауат ашу кезеңінде қолданылатын
негізгі оқу құралдарынан басқа көмекші көрнекі құралдар
да болады. Оларды мұғалім сауат ашуды оқыту кезінде
пайдаланады.
Бірақ сауат ашуды оқыту балалар үшін күтпеген жаңалық
және айтарлықтай күрделі болады.
Сауатын ашуға үйрету жүйесінің алғашқы кезінде айтар-
лықтай анық оқуына оңтайлы көмек беретін қиынды әріптер
мен әліппе кестесі, көрнекі құралдардың маңызы үлкен.
Оқып үйрену кезіндегі жаттығулар жүйесінде оқулықтың
маңыздылығы арта бастайды, ал ең соңында бұл оқулық ең
басты құралдардың біріне айналады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Бірінші мақсаты – оқулыққа үйрету, оны пайдалануға
дағдыландыру.
Белгілер қоюды, оқу құралдарын партаның үстіне дұрыс
орналастыруды және оларды ұқыпты түрде пайдалануды
сауат ашудың дайындық кезеңнен біледі.
20