Page 21 - 2.5
P. 21
special-edu.kz.
special-edu.kz.
3. Сөзді тұтасымен қайталап оқу.
Оқушыларды қысқа сөйлемді оқуға жаттықтыру жұмысы
ыңғайлы түрде ұйымдастырылады.
Сөздер оқылғанда түсінуге жеңіл болу үшін бірімен-
бірінің байланысын сақтай отырып, олардың кейбіреулерінің
мағыналарының алшақтығына қарай байланысу
special-edu.kz. special-edu.kz.
жақындығына да шек қою қажет. Әйтпесе оқудың барысы
оқылатын сөйлемнің мағынасының өзара байланысын
көрсететін сөздер сұрыпталып алынған мағынасыз
буындардан құрылған болып шығады.
Тап осы жағдайда балаларды буындардың арасындағы
үзілісті қысқарақ, ал сөздердің арасындағы үзілісті ұзағырақ
етіп айтуға үйрету пайдалы.
Оқып шыққан сөздің немесе сөйлемнің мағынасын
түсіндіріп қана қоймай, сондай-ақ оқушының сөзбен айтқан
жүйелі түсінігін санасына сіңдіруге тырысу қажет.
Ол үшін оқу сабағында әшекейлі суретті қолдануды,
әртүрлі заттардың үлгілерін ермексаздан мүсіндеуді, заттар
special-edu.kz. special-edu.kz.
бейнеленген және оқиға желісіне құрылған суреттерді қарап
шығу ұсынылады. (Сөз оқылады, сөзді бейнелі суреттен
тауып алады немесе сөз суреттерден құрастырылады,
содан кейін қайталап оқылады).
Сөзге тек қарап қана қоймай, сондай-ақ көру және есту
түйсігінің айтылуындағы байланысына зейін қойып тыңдауға,
сөздің мағынасын дұрыс және тезірек ұғуға үйрету қажет.
Сондықтан алғашқы кезде тек қана естіртіп оқыту керек.
Бұл кезде мұғалім балалардан оқығанда сөздің жеткілікті
түрде қатты және анық айтылуын талап ету керек.
Балаларды өздерінің жазғандары мен айтқандары бо-
йынша сөздің мағынасының айырмашылығын анықтауға
special-edu.kz. special-edu.kz.
жаттықтыру орынды (қыс – қыз, қасық – қазық). Сөзді оқып
болысымен, оның мағынасын ұғу дағдысын жетілдіру жатты-
ғуын ұсынуға болады:
– Оқы. Қыздың есімін оқып болған соң қолыңды көтер.
19