Page 16 - 2.5
P. 16
special-edu.kz.
special-edu.kz.
дамуы, сөйлеуі, қимылы, оқуға тікелей қатысы бар көру
түйсігі бұзылған зерде бұзылыстары бар балалар үшін
де үлкен қиындық туғызады. Бұндай даму кемшіліктері
оқушылардың дыбысты бөліп алуына, оның айтылуының
анық болуына, әріпті түйсінуіне, дыбыстарды әріптермен
сәйкестендіруіне, бір дыбыстың айтылу артикулациясынан
special-edu.kz. special-edu.kz.
екіншісіне ауысуына, назарын бір дыбыстан екіншісіне
аударуына қиындық туғызады. Оқып, үйрену деңгейіне қарай
көрсетілген қиындықтар ерекше тәсілдер мен амалдардың
жәрдемімен біртіндеп жойылады. Арнайы білім беру
мектебінде қолданылатын оқуға үйретудің негізгі тәсілі –
«талдаудың ізімен» оқу. Талдауға жекелеген буындарды
емес, ең алдымен, сөздерді іріктеп алу қажет. Сөздің
мағынасы кәдімгі заттарды немесе оларды суретке салып
көрсетілген нұсқаларын пайдалану арқылы түсіндіріледі:
1. Оқушыларға затты немесе суретті ұсынады. Олар
заттың атын немесе суретте не бейнеленгенін айту керек.
Заттың атын немесе суретте көрсетілгенді айтқанда, сынып-
special-edu.kz. special-edu.kz.
тағы оқушылар түгел бірауыздан және жекелеп жауап бе-
реді, содан кейін тақтаға графикамен белгілейді.
2. Сөз талданады. Сөздегі буындардың саны және
олардың жүйелілігі анықталады (бірінші буын, екінші буын)
буындар графикамен үлгіленеді және керекті буын
қайталанады.
3. Бөлініп алынған буын талданады. Буындағы дыбыс-
тардың саны және олардың жүйелілігі анықталады. Сөзді
буындық және дыбыстық талдау жұмысы жаңалық емес,
бұндай жұмыс әліппеге дейінгі кезеңде жүргізілген. Бұл
міндетті түрде шартты-графикалық жазумен жүргізіледі.
____________ сөз, ________ буындар, дыбыстар.
special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Алдын ала жүргізілген осындай дыбыстық жұмыстан
кейін бірінші, екінші әріптер анықталады. Қабырғаға ілінген
кассадан әріптерді алып, жиналатын жұқа жолақтағы
дыбыстарды көрсететін шеңбердің астына қояды.
14