Page 11 - 2.5
P. 11
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ойындарда немесе ойын элементтері бар жаттығуларда
қолданылады):
1. Өткен әріптерді атау.
2. Алдымен мұғалімнің, содан кейін оқушының айтқан
дауыссыз дыбысын артикуляция бойынша анықтау.
3. Атауларында осы дыбыс кездесетін бейнелі суреттерді
special-edu.kz. special-edu.kz.
іріктеп алу.
4. Керекті дыбысы бар сөздерді тауып айту.
5. Сөздегі дыбыстың тұрған орнын (басында немесе
соңында) анықтау.
6. Буындарды оқу, олардың құрылысының ұқсастығын
анықтау.
7. Мұғалімнің өтініші бойынша немесе оқушының өзінің
таңдап алған сөзін дыбыстарға ажырату, оның шартты-
графикалық нобайын жазу, тілікші әріптерден сөздер құрау,
оларды тақтаға жазу.
8. Әріптерді және буындарды сынып тақтасынан немесе
әліппеден дәптерге көшіріп жазу.
special-edu.kz. special-edu.kz.
9. Оқып үйренген буындарды жадында сақтау.
10. Әліппеден сөйлемдерді, сөздер және буындарды
дұрыс және жатық оқу.
11. Бейнелі суретті мұқият қарап шығып, оның мазмұнын
анықтау, суреттен оған сөздер қосып, сөйлем құрастыру.
Сауат ашуды оқудың екінші кезеңінде оқушылар п, н, р, у,
ғ, с, й, б дыбыстарымен және әріптерімен танысады. Олар
тиісті әріптерді жазуға, оқуға үйренеді, жаңа екі дыбыстық
буынды, үш дыбыстық тұйық буынды меңгереді, дауысты
және ашық буынды (а-на, а-та, а-па), тұйық және ашық
буынды (ал-ма, ар-па) екі ашық буынды (со-на, ма-са),
үш дыбыстық бітеу буынды (сал, сол) сөздерді және осы
сөздерден тұратын сөйлемді оқуды үйренеді.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Сөздерді және буындарды фонетикалық талдау бойын-
ша жұмыс бірінші кезеңдегі күйінде сақталады. Сөздің
ортасындағы дыбысты бөліп ала білуді үйрететін жұмыс
күрделірек болады.
9