Page 10 - 2.5
P. 10
special-edu.kz.
special-edu.kz.
соңынан бөлініп алынады), балалар керекті дыбысты
суреттегі заттың атау сөзіндегі тұрған орнына қарай бейнелі
суреттерді екі топқа бөледі, бөлек-бөлек төртбұрышты
анықтама қағазға жазылған сөздердің құрамында тұрған
керекті дыбыстың үстін бейнелі суретпен немесе әріппен
жабады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Дыбыстың әріппен байланысын тұрақтандырып бекіту
үшін бірінші сынып оқушылары біраз жұмыстарды іс жүзінде
орындайды. Мысалы, түсті қағаздардан қиылып алынған
әріптердің аттарын атайды, саусағымен ауада жазып
көрсетеді. Мұндай тапсырмалар ойын түрінде кеңінен
қолданылады. Мысалы, оқушылар басы немесе аяғы көрініп,
жартылай танылып тұрған әріптің атын табуға тырысады,
өздеріне таныс әріптердің қаншасын білетінін жарыса жазып,
сол әріптердің дыбыстарын кім бұрын дұрыс атайтынына
жарыс ұйымдастырады. Дыбысты анық айту арнайы білім
беру мектебіндегі оқуға үйретудің міндетті талабы, өйткені
ондағы оқушылардың көпшілігінің фонематикалық есту
special-edu.kz. special-edu.kz.
қабілеті бұзылғандықтан, айтылған дыбысты естігенімен,
бақылау жасай алмайды. Сондықтан артикуляциясының
анық бейнесін жасау ақаулықты түзетудің бірден-бір құралы
болып есептеледі.
Сауат ашу барысында ықпал жасайтын жеке тәсілдер
сақталғанымен, кейбір талдауыштардың жұмыс істеуі
айтарлықтай қатты бұзылғандығы байқалады. Осыған
байланысты әртүрлі көмекші құралдар қолданылады.
Мысалы, құм қағаздан жасалған әріптер, бөлшектенген
әріптер, бейнелі суретті әріптер, әріпті ауада жазу, белгілі
бір нұсқамен немесе түспен белгіленген дыбыстар ара-
қатынасын белгілеу, әріптерді дұрыс айтқан кезде оларды
special-edu.kz. special-edu.kz.
санау және текшелерді бөліп алып қою және т.б.
Бірінші кезеңдегі машықтанған төменде көрсетілген
дағдыларды тұрақтандыру үшін балаларға бірқатар
тапсырмалар ұсынылады (ол тапсырмалардың көпшілігі
8