Page 14 - 2.5
P. 14
special-edu.kz.
special-edu.kz.
буынды (а-ба-ба-ба) біріктіріп айту үшін артикуляция
аппаратының дайындығымен оқу, талдаудың ізімен оқу
(папа-по-па) тәсілдерін қолданады, ұқсас дыбыстарды
ажыратуға әртүрлі жаттығулар пайдаланады. Сонымен бірге
балаларға буындарды қысқа айтуды (та-да, то-до; дана-
тана), буындарды анық айтуды (та-ла, то-до; дана-тана),
special-edu.kz. special-edu.kz.
буындарды және сөздерді есту арқылы түсінуді, оларды
жадында сақтай білуді, айтқаннан жазып ала білуді талап
ететін тапсырмалар ұсынады.
Үшінші кезеңде төмендегідей жұмыс бағыттарына ерекше
көңіл бөлінеді:
– әртүрлі сұрақтарды түсініп, нақты жауап беру. Қайда?
Кімге? Неше? Қайтеді? Не? Кім? Қандай?
– диалогтік сөйлеу тілін дамыту;
– есімдіктерді дұрыс қолдану;
– өтілген дыбысты анық, нақты айтылуын бекіту үшін,
ауызша сөйлеу тілінде дұрыс қолдану үшін жаңылтпаш,
тақпақ, мақал жаттату;
special-edu.kz. special-edu.kz.
– логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, түр түстерді нақ-
тылау;
Төртінші кезеңдегі сауат ашу сабақтарында оқушылар
в, ц, ф, щ, э, ч, ь, ъ әріптерін үйреніп, меңгереді.
Екі дауыссыз қатарласып келген үш дыбысты буындарды
(қатаң және ұяң түрлері), оқып үйретілген буындық құры-
лыстары бар сөздерді, дауыссыздары сөздің басында және
соңында қатарласып келетін төрт дыбыстық буындарды
(станция, цирк, пойыз) оқиды.
Бұл кезеңде зерде бұзылыстары бар балалар, ең ал-
дымен, дауыссыздар және шолақ й дауыстылармен қатар-
ласып келген буындарды оқып үйренуде айтарлықтай
қиындықтарға кездеседі. Оларға жәрдем беру үшін мұғалім
special-edu.kz. special-edu.kz.
дауыссыз дыбыстардың тізбектерін ұзарту (ра-кра-кран);
сөздерді буындарға әртүрлі жолмен бөлу (бас-бас-тай-
ды), сөздің түрін өзгерту (батыр, батырлық) тәсілдерін
ұсынады.
12