Page 18 - 2.5
P. 18
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Мұндай жаттығуға «шытырман» деген ойын сәйкес келеді.
Мұғалім көрсеткішпен дауыстыға дейінгі баратын жолды
жүріп өтеді. Жол неғұрлым ұзарған сайын, сөйлеу тілі қимыл
мүшелері дауысты дыбыстың айтылуына ыңғайланғанға
дейін дауыссыз дыбыс соғұрлым созылып айтыла береді.
2. Буындарды қосып оқып үйрену жұмысына арнайы
special-edu.kz. special-edu.kz.
дайындалған оқу құралы лайықты үлесін қосады. Сыныпта
отырған оқушылардың барлығына бірдей анық көріну үшін
қалың қағаздан жасалған үлкен көлемдегі тікбұрышты
алады. Тікбұрыштың екі-үш жерінен тесік қалта жасайды да,
ірі етіп жазылған әріптері бар ұзын ақ жолақ қатты қағазды
осы тікбұрыштың сыртынан сырғытады, оқушылар тесік
қалтадан әріптер көрінгенде пайда болатын буындарды
оқиды.
3. Балалар оқып үйренген буындағы бір дауысты немесе
дауыссыз әріпті ауыстырып, буынды өзгерту жаттығуын
жүргізеді.
4. Ең көп жаттығуды буындық кестені оқытуда орындату
special-edu.kz. special-edu.kz.
керек. Бұл жаттығулар зерде бұзылыстары бар оқушыларға
буындардың бірігуіндегі қиындықты жоюға таныс болып
қалған буындардың жиынтығынан біріккен буындардың
оқылуын қалыптастыруына жәрдемін тигізеді.
Тура ашық буындардың құрылуы мен оқылуы кезінде
осы буындарды қарсы буындармен салыстырып талдауға
өте қатты ден қойып, көңіл аудару керек, себебі зерде
бұзылыстары бар балалар тура буынды қарсы буын сияқты
оқи береді.
Сондықтан бұл буындарды салыстыруда олардың
құрамындағы дыбыстар мен әріптердің санын және олардың
орналасу орындарының айырмашылықтарын анықтаудың
special-edu.kz. special-edu.kz.
ұқсас буындарды, содан кейін сөздерді ажыратып оқуды
меңгеруі үшін үлкен маңызы бар. Тура және қарсы буын-
ды оқытқан кезде қызыл түсті – дауыстылар, көк түсті –
дауыссыздар, жасыл түсті – жіңішке дауыссыздар, қызғылт
16