Page 20 - 2.5
P. 20

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            Сөйтіп, оқушылар буын мен сөздерді оқуға жаттығуды
          жүргізгенде, дұрыс оқып шығу және оқығанның мағынасын
          бара-бара түсіну сияқты бірлесіп әрекет ететін екі негізгі
          кезеңді ескеруге тура келеді.
            Сөзді оқып шығу тәсілі жөнінде ең бірінші қойылатын
          қажетті шарт – сөздің құрамындағы дыбыстарды, әріптерді,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          буындарды анық және барынша жеңіл оқи алатын болу
          керек. Негізінде бұл шарт балалармен біріктіру жаттығуын
          жүргізе отырып, дыбыстарды және әріптерді оқып үйрену
          барысында жүзеге асады.
            Одан  басқа  қосымша  жұмыс  ретінде  оқушыларды
          келешекте  сөздерді  оқуға  машықтандыру  үшін  іріктеп
          алынған  сөздердің  ішінен  жекеленген  буындарды  оқуға
          алдын ала дайындау жаттығуын жүргізеді.
            Сонымен,  мысалы,  оқушылар сөзді  оқымастан  бұрын
          (Ал-ма, А-нар, Да-на, Та-на) жекелеген буындарды оқуға
          жаттығады  (ма,  да,  та,  т.б.).  Бұл  оқу  жаттығуының  ең
          маңызды  түйіні  –  оқушыларды  сөзбен  сөздің  арасын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          байланыстырып оқу дағдысына машықтандыру.
            Балалар алғашқы кезде сөзді буынға бөліп оқығанымен,
          сол буынды түсіне алмай қиналады, сондықтан түсінбей
          оқудың салдарынан буындардың бастары бірікпей кетеді де,
          бастапқы мағынасын мүлдем жоғалтады. Оқып үйренудің
          мұндай  келеңсіз  жағдайлары  түсініп  оқу  дағдысына
          машықтандыруға кесірін тигізеді, мағынасын түсінбей оқу
          оқушының оқу тәсілінің дамуын тежейді.
            Мұндай жағдайда тек арнайы жаттығулар ғана көмектесуі
          мүмкін.
            1. Сөздерді «талдаудың ізімен» оқу. Сөз буынға және
          дыбысқа талданады, содан кейін буынға бөліп оқылады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          Буындар  жатық  және  анық  айтылуы  керек,  үздік  созып
          оқудан  аулақ  болу  керек.  Оқылатын  сөздегі  буындарды
          оқудағы үзілісті бірте-бірте қысқартуға тырысу қажет.
            2. Ырғақпен оқу.


          18
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25