Page 25 - 2.5
P. 25

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           әріптің негізгі элементтерін бөлу және әр элементтің пішінін
           анықтау.  Мысалы,  А  әрпінің  бірінші  бөлімі  сопақ,  екінші
           бөлімінің төменгі жағы иілген таяқша (баспа түрі мен оның
           қолмен жазылған кескіні бір мезгілде беріледі).
             2. Үйретіліп жатқан әріптің әр элементінің жазылуын жеке-
           жеке меңгеру. Бұның жаттығу жұмысы мынандай тәртіппен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жүргізіледі:
             а) оқушылар берілген әріптің суретін қарап шығады да,
           оны қоршап сызады;
             ә) содан кейін мұғалім тиісті түсінігін беріп, бұл элементті
           тақтаға жазады, оқушылар мұғалімнің жазғанын бақылап
           қарап отырады;
             б) оқушылар тақтадағы жазылғанды көрсеткіш таяқшамен
           көрсетіп, мұғалімнің қалай жазғанын түсіндіреді;
             в) оқушылар берілген элементті дәптерге жазып көріп
           байқайды (2-3 рет) да, содан кейін бұл элементті жазуға
           жаттығады.
             3.  Әріпті  тұтас  жазуға  (элементтерді  меңгеріп  қосу)
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           арналған жұмыс жүргізіледі: үлгіні қарап шығу, мұғалімнің
           жазғанын бақылап отыру, оқушылардың әріпті өз бетімен
           жазуы.
             Оқушылар 0-сыныпта оқу жұмысында әріптердің негізгі
           элементтерін жазуға жаттығады, өңделіп, толықтырылып
           осы жоспар бойынша жүргізілетін жазу сабағын еш қиын-
           дықсыз-ақ меңгеріп кетуге көпшілігінің шамалары жетеді.
           Әрине, әріп элементтерін жазуға көпке дейін көндіге ал-
           май қиналатындар болады. Мұндай оқушылармен әріптің
           жазылуы қиын элементінің кескін пішініне ұқсас заттардың
           суретін салғызып үйрететін қосымша сызу сабағын жүргізуге
           тура келеді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Оқушылар сауат ашуға дейінгі кезеңде-ақ дәптерге жа-
           зуды үйрене бастайды.
             Дәптерді  оқушылардың  қолдарына  бермей  тұрып,
           алдымен оны қалай пайдаланудың ережелерімен жалпы


                                                                          23
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30