Page 30 - 2.5
P. 30

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          айтқанды  тыңдап  жазуды  үйреніп  жүрген  кезде  қысқа
          сөйлемдерді  (мал  қора)  айтып  жазғызуға  болады.  Жазу
          тәсілін әлі жеткілікті шамада игермеген арнайы білім беру
          мектебінің бірінші сынып оқушылары жазу жаттығуында өте
          көп қателер жібереді, кейбір әріптердің кескіндерін өзгертіп
          жібереді, әріптерді дұрыс қосып жазбайды, жазғанда кейбір
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          әріптерді  тастап  кетеді  немесе  орындарын  ауыстырып
          қояды  және  тағы  басқалар.  Мұндай  қателердің  алдын
          алу үшін оқушылардың еркіндігін және күрделі тәсілдерді
          талап ететін тапсырмаларды беруге аса көп асықпау қажет,
          дұрысында дыбыстық талдаумен және жазуға болатын сөзді
          буынға бөліп анықтаумен алдын ала көбірек айналысу керек.
          Қайсы бір жағдайларда қиынды әліппенің әріптерінен алдын
          ала сөздер құрастыру, сөзді қоршап сызу, тиісті жазу, нүкте
          сызық бойынша бастырып жазу сияқты тәсілдерді қолдануға
          тура келеді.
            Жазу  жаттығуларын  беру  мақсатымен  әртүрлі  ойын
          түріндегі тапсырмаларды мүмкіндігінше пайдалану қажет.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          Олар:
            1. Мұғалім ішіне бейнелі суреттер мен сөздер жазылған,
          анықтамалар салынған қағаз қалталарды таратып береді.
          Тапсырма  –  бейнелі  суреттерді  қатарластырып  қою,  ал
          астына соған тиісті жазуларды қою. Бұл сөздерді дәптерге
          жазып алу.
            2.  Қағаз  қалталардың  ішінде  бір  бейнелі  сурет  пен
          әріптер бар. Тапсырма – әріптерден суреттегі заттың атын
          құрастыру, шыққан сөзді дәптерге жазып алу.
            3. Тақтаға шақырылған оқушы бейнелі суретті қолына
          алып, сыныпқа көрсетеді, сосын тиісті сөзді буынға бөліп
          айтады. Тапсырма – бұл сөзді тақтаға және дәптерге не-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          месе теқ қана дәптерге жазу.
            4.  Мұғалім  сөздің  бірінші  буынын  -ша-  айтады,  ал
          оқушылар тұтас сөзді тауып алады да, дәптерге жазады.




          28
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35