Page 31 - 2.5
P. 31

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            Ұйымдастыру мақсатындағы туындайтын сұрақтар

             1. Қандай қаламсаппен жазады?
             2. Дәптердің жазу жолдарының сызықтары қандай?
             3. Қандай шрифт?
             1.  Қаламсаптың  кез  келген  түрімен  жазуға  болады,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           барлығына  бірдей  қатаң  нұсқау  берілмеген.  Мектептің
           бұрыннан  белгіленген  тәртібін  ұстануды  ұсынады.  Бұл
           сияқты нұсқауларды мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктері
           береді.
             2. Бірінші сыныптың оқушыларына көркем жазу үшін, егер
           бар болса, қиғаш сызықты дәптерді пайдаланған дұрыс.
           Бірақ бұл дәптерді пайдаланудың бір қиындығы – балалар
           оған  қалай  жазудың  жөнін  білмей  жиі  шатасатындығы.
           Бұл дәптердің айқыш-ұйқыш сызықтары да баланың көзін
           жаңылыстырады. Егер бұндай дәптер жоқ болса, ондай жай
           мектептің бірінші сыныбының оқушылары пайдаланатын
           дәптер жарай береді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             3. Жазу таңбаларында тұрақты нұсқау болмайды. Бұрын-
           нан қалыптасқан дәстүрлі жазу таңбаларын не болмаса
           жеңілдетілген әрі көрінісі әдемі таңбаны пайдалануға әбден
           болады.
             Дәстүрлі жазу таңбасы бас әріпті көркем жазуда кейбір
           қиындықтар туғызуы мүмкін деп жорамалдайды. Бұл жазу
           таңбасы зерде бұзылысы бар балалар үшін өте қиын деп
           айтуға болмайды. Оқушылар мұндай таңбаны тәуір, тіпті
           жақсы игереді десе де болады. Кейбір мұғалімдер бұл жазу
           таңбасымен көркем жазуға үйретуде жақсы нәтижеге де қол
           жеткізіп жүр. Жеңілдетілген жазу таңбасы жай мектептің оқу
           жүйесіне жылдам жазуға үйретуіне байланысты жақында
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ғана енгізілген болатын.
             Оқудың  қазіргі  уақыттағы  шапшаңдықпен  алға  басуы
           кезінде  және  қазіргі  уақытта  қаламсап  құралдарының
           осындай көп түрлерімен жазу өте ыңғайлы болып отырғаны
           өзінен-өзі түсінікті. Ал арнайы білім беру мектебінде қалай?

                                                                          29
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36