Page 29 - 2.5
P. 29
special-edu.kz.
special-edu.kz.
түзу сызықпен белгілейді, бұдан кейін сөз буынға бөлінеді
де, осыған сәйкес сынып тақтасындағы ұзын түзу сызық
буындардың санына қарай таяқшамен бөлінеді немесе түзу
сызықпен астына сөзде қанша буын болса, сонша қысқа
сызықшалар қойылады.
Бұдан кейін әр буынның құрамындағы дыбыстар
special-edu.kz. special-edu.kz.
анықталады да, олар қысқа сызықшалармен немесе
нүктелермен белгіленеді. Оқушылар осы нобайы көрсетілген
сөзді жазып алады. Алдын ала талдаудан кейін буындардың
саны, қай буында әріп жетіспейтіндігі, буындағы әріптің саны,
оның қай әрпі жетіспейдіндігі анықталады.
Сол сияқты түсіп қалған буынның кезінде де буын саны
(қысқа сызық), онда қанша дыбыстың (сонша нүкте), қандай
дыбыстың болғаны анықталады, қиынды әріптерден түсіп
қалған әріптерді орындарына қояды, сөзді түгелдей оқып
шығады да, жазып алады.
Осылармен қатар әліппені оқу кезінде оқушылар жеке
сөздерді және қысқа сөйлемдерді естуі бойынша және
special-edu.kz. special-edu.kz.
мұғалімнің айтуымен жазудың қарапайым жолын меңгереді.
Ол үшін жазылуы мен айтылуы бір жерден шығатын сөз
алынады, жазу барысында өзі де алдын ала міндетті түрде
мұқият дыбыстық талдаудан өтеді.
Зерде бұзылыстары бар оқушылар үшін алдағы уақытта
да естуі бойынша жазуын жаттықтыруға әртүрлі көмекші
тәсілдер қолдану жалғастырылады. Мысалы, оқушыларға
айтқан сөзді таңдауды, оны талдауды, әріптерден қиынды
әліппені құрастыруды, содан кейін естігенін жазып алуды
немесе сөзді тыңдауды, оны анықтамадан тауып алуды,
буынға бөліп оқуды және осыдан кейін оны естуі бойынша
жазуды ұсынады. Сонымен сөздерді жүйелі түрде іріктеу
special-edu.kz. special-edu.kz.
жолымен, тиісті көмекші тәсілдерді қолдану арқылы
арнайы білім беру мектебінің оқушылары жазуға бірте-
бірте машықтанады, келешекте білімдері бекіп, дәйекті
түрде дамуына мүмкіндік алады. Оқушылар жеке сөздерді
27