Page 34 - 2.5
P. 34

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          «Мына суретте не бейнеленген?» (Радио). «Бірінші дыбыс
          қандай?» (Р). «Сөзде неше буын бар?» (2). Осылай басқа
          сөздер талданады; ә) Буындарды, сөздерді оқу.
            7. Сергіту жаттығуы.
            8.  Оқулықтағы  сөздерді,  сөйлемді  хормен,  жеке  оқу.
          Суреттегі балаларға ат қою. Сұраққа ауызша жауап беру
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          (41-б.).
            – Арман нені көрді?
            – Арман неге қашып барады?
            – Арман қайда болды?
            – Манар не істеп тұр?
            Сабақ қорытындысы.

            Әліппеге дейінгі кезеңде жүргізілетін сабақ үлгілері

            1-күн. Оқу
            Бірінші күн мектепте.
            1. Мектеп ауласымен, сыныппен таныстыру. Оқушылар-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          дың атын, әкесінің атын, (тегін) білетінін анықтау.
            2.  «Жазды  қалай  өткіздің?»  деген  тақырып  бойынша
          әңгіме өткізу (кіммен? қайда? қалай дем алды? т.б ).
            3. «Армысың, мектебім!» тақырыбы бойынша әңгімелесу.
          Әңгіме мазмұнды сурет бойынша жүргізіледі, сұрақ-жауап
          түрінде өтіледі. Сосын оқушылар «Сауат ашу» оқулығының
          3-бетіндегі суретпен танысады.
            4. Мұғалімнің айтқанын қайталай отырып, мектеп туралы
          тақпақ жаттайды.


                                       Жазу

            Балалардың дағдылары мен біліктілігін анықтау:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            1. Балалардың қандай жазба әріптерді танып білетінін
          анықтау.
            2. Тақтадан жеке әріптерді, сөзді, буынды немесе сөй-
          лемді көшіре алатынын анықтау. Егер көшіре алатын болса,


          32
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39