Page 36 - 2.5
P. 36
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жазу
Негізгі түстермен таныстыру (қара, ақ, қызыл, көк, жасыл,
қоңыр):
1. Саусақтың бұлшық еттерін жаттықтыру: алақанды
ашып, жұму; саусақтарды бір-біріне қарсы қою; қарындашты
special-edu.kz. special-edu.kz.
қолда ұстап тұру.
2. Әр түсті заттарды көрсету арқылы балалардың түр-түсті
білетінін анықтау (қызыл алма, сары лимон т.б.).
3. Түрлі түсті жолақшалармен жұмыс (мұғалімде үлкен
жолақша, балаларда кішкене жолақша):
а) мұғалім көрсеткен жолақшаның түсін атау;
ә) көрсеткендей жолақшаны тауып, мұғалім көрсеткендей
ретпен орналастыру;
б) көрсетілген жолақшадай түсті жолақшаны тауып,
мұғалімнің нұсқауы бойынша (алғашқы сабақтарда жолақ-
шаларды ретпен орналастыру үшін 2-3 түстен артық алмау
керек) жұмыс істеу.
special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Кескіндер бойынша фигураларды (алма, алмұрт)
мұғалімнің басқаруымен керекті түспен бояу.
3-күн. Оқу
Мектеп құралдары. «Сөз» туралы ұғым. Графикалық
түрде жеке сөздерді жазу.
1. Артикуляциялық, демалу жаттығулары: а) дем алу –
дем шығару – тыныс алу (пауза) (осылай 2-3 рет қайталау);
б) ауызды ашып-жабу (кедергімен-кедергісіз).
2. Мектеп құралдары (кітап, дәптер, қалам, өшіргіш, сөмке,
қарындаш т.б.):
а) мұғалім заттардың атын атайды, содан кейін оқушылар
special-edu.kz. special-edu.kz.
қайталайды;
ә) мұғалім көрсеткен затты балалар танып, атын атайды.
3. «Сөз» деген ұғыммен таныстыру:
а) 2-3 затты көрсетіп, атын атау;
ә) көрсеткен заттың саны мен атын анықтау.
34