Page 35 - 2.5
P. 35

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           қалай көшіретінін бақылау қажет (жеке әріптерді, буындап
           немесе жай).
             3. Жеке әріптерді, буынды, сөзді жатқа жазуын анықтау.
             4. Таяқшаларды, дөңгелекті сыза ма, әлде жоқ па, үлгі
           бойынша төртбұрыш, шеңберді сызып, бояй ала ма, әлде
           жоқ па сол анықталады. Тапсырманы орындау барысында
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           мұғалім баланың дәптер бетінде сызықшалар мен дөңгелекті
           қалай  бағдарлап  орналастыратындығына,  қарындашты
           қалай  ұстайтындығына,  үлгіні  қалай  ұстайтындығына,
           үлгіні қалай пайдаланатындығына көңіл бөледі. Сонымен
           қатар балалардың мұғалімнің берген тапсырмалары мен
           нұсқауларын түсінуін анықтайды.

             2-күн. Оқу
             Айналаны бағдарлау.
             1. Балалардың туған жерін, мекенжайын, келетін жолын
           (кіммен, қандай көлікпен, қанша уақытта мектепке жететінін)
           анықтайды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             2.  Сыныптағы  балаларды  бір-бірімен  таныстыру.
           Сыныпта неше бала бар, аттары кім? Сынып бөлмесімен
           таныстыру.  Мұғалімнің  айтуы  бойынша  сыныптағы  зат-
           тарды көрсету: үстел, орындық, парта, тақта, шкаф, есепшот
           және т.б; заттары өз бетімен атау, мұғалімнің көмегімен
           олардың  не  үшін  қолданылатынын  анықтау.  Сабақты
           заттардың трафареттері мен суретін пайдаланатын ойын
           түрінде жүргізуге болады.
             3.  Оқулықтағы  «Сынып  бөлмесі»  деген  суретті  қарап
           танысу, атау.
             4.  Мектеп  қоңырауы.  Мектеп  қоңырауының  дауысына
           еліктеп дыбыс шығару. Мұғалімнің мектепке әкелген әр-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           түрлі  заттарының  үнін  естіп  тыңдау  (сағат,  сылдырмақ,
           ойыншықтар, т.б.). Сол дыбыстарға еліктеу. Сондай дыбыс-
           тарды қайдан естігенін анықтау, «Ойлан-тап» ойыны. Қай
           зат қандай дыбыс шығарғанын анықтау.


                                                                          33
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40