Page 33 - 2.5
P. 33

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             б) қолды көтеріп ауада жазу; в) әріпті тақтаға немесе
           жекеше тақтайшаларға жазу;
             г) әріпті дәптерге жазу. Кейбір балалар әріпті нүктелерді
           қосу  жолымен,  пунктирсызықтар  арқылы  немесе  үлгінің
           (нобай) үстінен бастырып жазады.
             5. Сергіту жаттығуы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             6. «Әріптер жарысы» ойыны. Сынып балалары екі топқа
           бөлінеді, әр топта 3-4 баладан. Әр топқа мұғалім әріптерді
           айтады. Балалар тақтаға кезекпен шығып, аталған әріптерді
           жазады. Нәтижесінде сөз дұрыс жазылу керек. Қай команда
           сөздерді  барынша  дұрыс  жазса,  сол  команда  жеңеді.
           (Сөздер: хор, бор, қар, т.б.).
             7. Дыбыстық талдау жасаған соң сөздерді дәптерге жазу.
             8. Сергіту жаттығуы.
             9. Сурет бойынша сөйлем құрап, оны шартты-графикалық
           түрде тақтаға жазу.
             10. Сөйлемді дәптерге жазу.
             11. Сабақты қорытындылау.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
                 Арнайы білім беру мектебінің 1-сыныбында
                       жүргізілетін оқу сабағының үлгісі

             Тақырыбы: «Р» дыбысы мен «р» әрпі.
             1. Артикуляциялық жаттығулар ойын түрінде  өткізіледі:
           «Ат шауып келеді», «Сылақшы», «Саңырауқұлақ».
             2. Мына жаңылтпашта қандай дыбыс жиі қайталанады?
             Қарға, қарға, қарғалар,
             Қар үстінде жорғалар.
             Мұғалім «р» дыбысын созып айтады.
             3. «Р» әрпін әліпбиден, басқа әріптердің арасынан табу.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             4. Кеспе әріптерден ашық, тұйық буындар құрап оқу.
             5. Сергіту жаттығуы.
             6. Оқулықты оқу: а) Мұғалім оқушылармен оқулықтағы
           әріпті, суретті қарайды. «Мына суретте не бейнеленген?»
           «Трактор».  «Трактор  қандай  дыбыс  шығарады?»  «Р-р».

                                                                          31
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38