Page 28 - 2.5
P. 28
special-edu.kz.
special-edu.kz.
1. Баспа түріндегі әріпке қолжазба әріпті тез іріктеп алу.
2. Баспа түріндегі әріп көрсетілді, оқушылар оны ауада
қолжазба әріппен жазады, оны элементтерінен құрады.
Көшіріп жазу жаттығуының ең қиыны сөздің түсіп қалған
буынын және әріпін қосып толықтырып көшіру болады.
Бұндай сөздер әдеттегідей бейнелі суреттің атын білдіріп
special-edu.kz. special-edu.kz.
астына жазылу керек.
Бұл сияқты жаттығуларды бірден оқулық бойынша
жүргізуге болмайды, алдымен оқушыларды осындай тап-
сырмаларды орындау үшін сынып тақтасында жеткілікті
түрде жаттықтыру қажет.
Мұндай дайындық жаттығулардың жүргізілу тәртібі
төмендегідей болады:
а) оқушылар бейнелі суреттегі заттың атын атайды,
содан кейін бұл сөзді буынға бөліп оқиды;
ә) бейнелі суреттің астындағы буынды оқиды, жетпей
тұрған буынды анықтайды;
б) жетпей тұрған буынның дыбыстық құрамын анықтап
special-edu.kz. special-edu.kz.
алып, оны бар буынға қосып жазады.
Сөздің түсіп қалған әрпін орнына қоятын түзету жұмысы
да осы тәртіпте жүргізіледі.
Буындарды тұтасымен көшіріп жазуға дағдылануды
тұрақтандырып бекіту мақсатыда төмендегідей жаттығулар
ұсынылады.
Заттың суреті беріледі, буындық анықтамаларын (кар-
точка) алып, жазғандарын қосады, қосып жазылған буын-
дары бар анықтамаларды оқып шығысымен кері айнал-
дырып қояды, содан кейін бірінші буынды қайтадан көз
алдына келтіреді, оқушылар оны жадында сақтап, жатқа
жазады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Осы тәртіппен қалған буындар да жазылады. Кейбір
мұғалімдер дыбыстық талдаудың негізінде сөздің шартты
графикалық нобайын жазуға қолданады. Мысалы, «ал-ма»
деген сөз беріледі, оны оқушылар анық етіп айтады да, бір
26