Page 26 - 2.5
P. 26
special-edu.kz.
special-edu.kz.
таныстыру кезінде қай жағынан бастап, қай жерге дейін
жазу керектілігі көрсетіледі, жыртпай, кірлетпей, таза ұстау
талабы қойылады, дәптер – оқушының оқудағы айнасы,
білімін бағалайтын құжаты екені мұқият түсіндіріледі, оны
қадірлеп ұстау керек екені ескертіледі.
Жазу сабағында мұғалім балалардың партада дұрыс
special-edu.kz. special-edu.kz.
отыруын, жазған кезде дәптердің партаның үстінде
45˚сәйкес орналасуын, саусақтың қаламның ұшынан 1,5 см
қашықтықта болуын, ал бас бармағы мен аты жоқ сауса-
ғының екі бүйірінен қысып, тура бағытталуын міндетті түрде
қадағалайды.
Әріпті жазуды бастамас бұрын оқушыларға берілген
әріптің элементтерін қара қаламмен бір жол жазып шығуды
ұсынған пайдалы.
Жазуға үйретудің алғашқы кезінде оқушыларда кездесетін
қиындықтар:
1. Жазатын бастапқы жолды білмеу.
2. Әріптің жазылу бағытын ұмыту.
special-edu.kz. special-edu.kz.
3. Жазу тәртібін сақтамау, жазу жолынан жиі-жиі шығып
кете беру.
4. Жазған әріптерін сызып-өшіріп қайта жазу т.б.
Бұл жерде әліппеге дейінгі кезеңде қолданылған әртүрлі
қосымша тәсілдердің пайдаланылуы мүмкін:
1. Берілген әріп немесе әріптің элементі жазылатын
жолды белгілеп қою.
2. Бағытын көрсету үшін сызықтар немесе нүктелер қою.
3. Әріпті белгі бойынша, негіз бойынша жазу, мұғалімнің
жазып бастаған жолын аяқтап жазу.
Сауат ашуға дайындық кезеңде балалар әртүрлі жеңіл
ою-өрнектердің суретін салуды үйренеді. Қолының және
special-edu.kz. special-edu.kz.
саусақтарының қимылдарының жалпы дамуы мен дәлдігі
үшін қажет болатын, сондай-ақ әріптердің элементтерін
дұрыс жазуға қолының ебін дайындау үшін олардың сурет
салуға машықтануы сауат ашу кезеңінде де жалғасады.
24