Page 27 - 2.5
P. 27
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Әрбір жазу жұмысы ою-өрнектің суретін салумен аяқталады.
Алдымен балаға керекті ою-өрнектің әртүрлі үлгісін
мұғалімнің өзі ұсынады, содан соң бұндай ою-өрнектің суреті
балаларға ұнаған соң әрі қарай өздері салады.
Балалар жеке әріптердің қолымен жазған кескінін
меңгерумен қатар осы әріптерді бір-біріне қосып сөз
special-edu.kz. special-edu.kz.
құрастыруды да үйренеді. Әріптерден сөз құрастыру да
мұқият үйренуді талап етеді. Сөзді, тіпті, қысқа сөйлемнің
өзін жазуға жаттығуды әртүрлі жолмен жүзеге асырады.
Әдеттегідей жаттығу берілген сөздерді немесе қысқа сөй-
лемдерді мұғалімнің сынып тақтасына жазып қойғаннан
немесе жазу үлгісі кескінінен көшіріп алудан басталады.
Оқушылардың кейбір әріптердің кескініндегі пішінін көшіріп
жазуды әдетке айналдыруынан сақтандыру үшін жазыл-
ған сөздің дыбыстық талдауын күнібұрын оқушылардың
естеріне салуы қажет, жазу барысында әрбір буынды
анық етіп айтуын, ал жазудан кейін олардың өздерінің жаз-
ғандарын оқып шығуды талап етуі қажет. Сонымен бірге
special-edu.kz. special-edu.kz.
сөзді іс-жүзінде бөліп шығу пайдалы (а-та, а-па).
Дәл осы жағдайда төменде берілген жаттығулар пайдалы
болады.
Берілген буынға немесе қысқа сөзге оқушылар мұқият
қарайды, содан кейін буындарды немесе сөзді алып қояды,
ал оқушылар оны жатқа жазады. Бұдан кейін балалар
мұғалімнің тақтаға жазған сөздерін және қысқа сөйлемін,
сондай-ақ кестедегі қолмен жазылған әріп таңбасын және
оқулықта жазылғандарды көшіріп жазуға жаттығады.
Қолмен жазылған әңгіме үзіндісін көшіріп жазуға қарағанда
тақтаға жазылған әңгіме үзіндісінен сөздерді және қысқа
сөйлемдерді көшіріп жазуға жаттығу көп қиын болады.
Мұндай балалар басылған әріптің кескіні бойынша оның
special-edu.kz. special-edu.kz.
қолмен жазылған кескінін түсіреді, яғни оқыған кездегі
көзімен түйсінген әріпті жазу кезінде қолмен жазғандағы
кескініне аударады. Бұл балалар үшін өте қиын. Мұны
жеңілдететін көмекші тәсілдерді ұсынуға болады:
25