Page 23 - 2.5
P. 23
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Екінші мақсаты – дыбыстар мен әріптерді оқып үйрену
кезеңінде балаларды әліппедегі сөз тіркестерін және қысқа
сөйлемдерді оқуға бірте-бірте үйрету.
Алдымен жылжымалы қиынды әріптер мен әліппе
кестесіне, содан кейін оқулыққа көшу.
Сөздерді оқулықтан және әліппе кестесінен оқи отырып,
special-edu.kz. special-edu.kz.
оларды жылжымалы қиынды әріптерден құрастыруға
жаттығады; кез келген сөз немесе қысқа сөйлем қай жерде
қандай тұлғада жазылмасын, ол сол бастапқы нұсқасынан
өзгермейтіндігін оқушылар түсініп біледі, сондықтан бір
жерде бір түрлі тұлғада жазылған сөздер тіркесінің немесе
қысқа сөйлемдердің басқа жерде өзгертіліп жазылған
тұлғаларын еркін оқи беретін болады.
Зерде бұзылыстары бар балалардың оқулықты оқып
отырған кезде сөзді тастап немесе басқа жолға түсіп кететін
әдеттері болатынын есте сақтау қажет. Балаларды сөз
тіркестерін немесе қысқа сөйлемдерді оқып отырған кезде
олардың реттік жүйесін мұқият қарап алуға, сөздердің
special-edu.kz. special-edu.kz.
байланысына зейін қойып оқуға үйретеді. Балалар жолдан
ауытқып шығып кетпеу үшін оқулық парақтарының арасына
шақталған қалың жіңішке тілік қағаз пайдаланылады.
Үшінші мақсат – оқушылардың сөйлеу тіліндегі өз сөздері
мен кітаптан оқыған сөздердің немесе қысқа сөйлемдердің
арасын байланыстыруына жағдай жасау.
Балалар кітаптағы сөздерді өздерінің сөйлеу тіліндегі
сөздермен байланыстыра алмайды, сондықтан кітаптағы
сөз тіркестерін оқығанда жіберетін орынсыз қателеріне көңіл
аудармайды.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту дегеніміз – ол сауат
ашу оқулығын оқуы мен сөйлеу тілін байланыстыру болып
special-edu.kz. special-edu.kz.
табылады.
Оқиға желісін бейнелейтін суреттермен жұмыс жүргізу.
Бұл жұмыс зерде бұзылыстары бар балаларға тән қасиет –
бұрмалап оқудан сақтандырады.
21