Page 17 - 2.5
P. 17
special-edu.kz.
special-edu.kz.
5. Оқушылар буынды мұғаліммен бірге, содан кейін
кезекпен оқиды.
6. Одан кейін қиын әріптерден тақтада және әрбір
оқушының партасында буынды құрастыру және оқу жатты-
ғуы жүргізіледі.
7. Тақтаға жазылған және партаның үстіндегі буынды
special-edu.kz. special-edu.kz.
талдап болғаннан кейін оны оқулықтан оқиды. Оқулықта
берілген сурет пен нобайы бойынша алдын ала талдау
жұмысын жүргізу керек, сосын буындарды оқуға жаттығады.
Осыдан кейін әртүрлі бейнеде жазылатын буындармен
жүргізілетін жұмысқа тоқталу керек.
Бірінші кезекте тұйық буындар (ал, ол) оқып үйретіледі.
Олардың бірігуінде қиындық жоқ. Олар жоғарыда ұсынылған
нобай бойынша оқып үйретіледі.
Оқу кезінде дауысты және оқып шыққан дауыссыздың
жүйелілігін қалыптастыра отырып буындарды құрастыру
және оқу оқушылардың ең негізгі жаттығуы болып есептеледі.
Сөздің тізбегінде тұрған әріпті жеке бөлінбеген күйінде
special-edu.kz. special-edu.kz.
айырып тани білуге ерекше көңіл аударылу керек.
Ең қиыны – ашық тура буынды (ла, та, па) оқу. Бірінші
оқу «талдаудың ізімен» жүргізіледі. Ашық буынды оқуды
меңгеруді жеңілдету үшін, ең алдымен, мұрын жолды жеке
созылып айтылатын қатаң дыбыстарды оқып үйренеді (1
және 2-кезең). Бұл кезеңдердің басты міндеті ашық буынды
қосып оқу дағдысын тұрақтандырып, бекітумен шектеледі.
Ол үшін оқып үйренуге ойын жаттығулары, көрнекі құралдар
сияқты қосымша тәсілдерді пайдалану ұсынылады:
1. Біріктіріп оқуға жаттығу үшін бірінші дауыссызды созып
бастап, келесі тұрған дауыстыны қосып алып жалғастыра
айтқан күйінше дауыссыздың айтылуын біртіндеп қысқартып
баяулатады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
А................А
А..............А
А..........А
А.......А
15