Page 12 - 2.5
P. 12

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            Егер  балалар  біріктіру  негізін  меңгерген  болса,  онда
          буындық құрылыстарды оқу қиындық туғызбайды. Сөздерді
          оқығанда,  соңындағы  дауыссызға  салмақ  түсіп,  нықтап
          айтылады.  Мұғалім  балаларға  алдымен  ашық  буынды
          айтқызып, содан кейін дауыссыз дыбысты қосқанда пайда
          болатын сөзді бейнелі суретпен байланыстырып оқу тәсілін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          көрсетуге тиісті.
            Бұл кезеңнің назар аударуға тұрарлық маңыздылығы –
          ұқсас  дыбыстардың  л-р,  с-ш,  м-н  айтылуындағы  және
          олардың  жазылуындағы  айырмашылықтары.  Дыбысты
          ажырату жаттығуына артикуляциясын шынықтыру да кіреді
          және бұл жаттығулар ойын түрінде өткізіледі. Мысалы, «Не
          болып шыққанын ойлап тап» (бір дыбыс екіншісінің орнын
          ауыстырады:  доп  –  топ,  тасу  –  тосу),  «Кім  тезірек?»
          (атаулары қарсы буындардан басталатын бейнелі суреттегі
          заттарды көрсету) және басқалар.
            Екінші  кезеңде  сөздің  дыбыстық  құрамын  талдау
          негізінде оқу, жазу жұмыстары жалғасады, оқитын сөздік
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          материалдардың  көлемі  ұлғаяды.  Сурет  бойынша  сөй-
          лем, шағын әңгімелер құрастыруға көбірек көңіл бөлінеді.
          Оқулықтың  әр  бетінде  оларға  арнайы  тапсырмалар  бе-
          рілген. Жұмыс барысында баланың даму деңгейіне бай-
          ланысты жұмыс түрлері айқындалады. Мысалы, 55, 58, 62,
          65-беттердегі мазмұнды суреттер бойынша: Бұл кім? Не
          істеп жатыр? деген сұрақтар қойылса, орташа деңгейдегі
          оқушыларға өтілген дыбысқа сәйкес балаларға ат қойып,
          сөйлем құрау ұсынылса, жоғарырақ деңгейдегі балаларға
          сурет бойынша өз бетімен әңгімелеу ұсынылады.
            Екінші кезеңде машықтанған дағдыларын тұрақтандыру
          үшін бірқатар тапсырмалар ұсынылады:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            1. Үйренген әріптерді тез атау.
            2. Айтатын дыбыстарына лайықты әріптерді іріктеп алу.
            3. Ұқсас дыбыстарды және сол дыбыстардан құрылған
          буындарды дұрыс оқу.


          10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17