Page 9 - 2.5
P. 9
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Оқушылар дыбыстар мен әріптерді оқып үйренуден басқа
қос дыбысты тұйық және бұрын оқып-үйренген дыбыстары
бар екі дыбыстық ашық буынды сөздерді оқиды (ал, ол,
ат, от). Балалар оқыған әр сөзінің дыбыстық құрамын
және мағынасын талдауға тиісті. Бұл жұмыс түрі барлық
дыбыстарды өту барысында жүргізіледі. Бірінші кезеңде
special-edu.kz. special-edu.kz.
көбінесе сөздің басында, аяғында анықтауға көңіл бөлінсе,
басқа кезеңдерде сөздің дыбыстық құрамын толық талдау
негізінде оқу, жазу көзделеді. Сөздің мағынасын (жете)
меңгеру үшін әртүрлі көрнекі құралдарды (заттардың
нұсқаларын, бейнелі суреттерді) пайдаланады, қимыл іс-
әрекеттерді көрсетеді. Балалар оқып дағдылануды мең-
герумен қатар танысып жүрген әріптердің элементтерін және
сол әріптерден құралған сөздерді, оқыған және бөлшектеп
талдаған буындарды жазып үйренеді.
Сөздегі дыбысты естіп, оны тыңдай білуге үйрету түрлі
тәсілдердің жәрдемімен іске асырылады:
– атау сөздерінің ішінде үйретілетін дыбыстар
special-edu.kz. special-edu.kz.
кездесетін заттар бейнеленген суреттерді іріктеп алу;
– үйретілген дыбысы бар сөзді естігенде, әртүрлі қимыл
дарды көрсетіп орындау (қолын шапалақтау, отырып тұру,
шекемтас көрсету (фишка), т.б.);
– төрт жол өлеңді оқып болғаннан кейін ішінен
құрамында керекті дыбысы бар сөздерді тауып атау және
тағы басқалар.
Белгіленген дыбыс бөлініп алынып, жеке күйінде айтуға
үйретіледі. Мұғалім ол дыбысты айтқан кезде оқушылар
оның сөйлеу тілі артикуляциясын айнаға қарап бақылайды.
Артикуляция мүшелерінің орналасу жағдайын мұғалімнің
сұрағы бойынша шамалары келгенше түсіндіріп айтып беруге
special-edu.kz. special-edu.kz.
тырысады, айтылған дыбыстың үнін тыңдай отырып, оның
ерекшеліктерін анықтайды (дауыссыз немесе дауысты т.б.).
Белгіленген дыбыстың сөз ішіндегі орнын анықтай отырып
(бұл кезеңде үйретілетін дыбыс сөздің тек басынан немесе
7