Page 6 - 2.5
P. 6

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            Арнайы білім беру мектептерінде дыбыстар мен әріптерді
          оқып үйрену кезектілігі өзгерген, ол бірнеше факторлармен
          сипатталады.
            Біріншіден, дыбыстарды оқып-үйрену тәртібі олардың
          артикуляциядағы  әрекеттеріне  байланысты.  Жеңілірек
          дыбыстар (м, а, о, л, т) бірінші кезекте оқытылып, үйреті-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          леді.  Бұл  дыбыстар  созылып  айтылатын  болғандықтан,
          артикуляция  аппаратының  келесі  айтылатын  дыбысқа
          ыңғайлануына мүмкіндігі болады.
            Екіншіден,  балалардың  көпшілігі  мектепке  сөйлеу
          тілінің әртүрлі кемшіліктерімен келеді. Қазақ тілді зерде
          бұзылыстары бар балалармен арнайы жүргізілген зерттеулер
          барысында арнайы білім беру мектебінің бірінші сыныбына
          келген  балалардың  50-60%-ында  дыбыс  айтылуының
          кемшіліктері анықталған. Балалардың көпшілігінде ысқырық,
          ызың  дыбыстарды  айтылуының  бұзылуы  жиі  кездеседі.
          Дыбыс  айту  кемшіліктерін  түзетуге  мүмкіндік  беру  үшін
          әліппеде ол дыбыстарды кейінгі кезеңде өту көзделген.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Буындық құрылысын оқып-үйрену жүйелігі де өзгертілген.
          Буындық құрылысты өту келесі ретте қарастырылады: бір
          дауысты дыбысқа тең буын (Д); қос дыбысты буын (Д3);
          тура  ашық  буын  (Д3);  үш  дыбыстық  тұйық  буын  (3Д3),
          сол буындық құрылыстар, бірақ жіңішке дауыссыздармен
          тіркескен  үш  дыбыстық  буын;  сөздің  басындағы  немесе
          соңындағы дауыссыздармен тіркескен төрт дыбыстық буын
          (3Д3Д). Үш және одан да көбірек дауыссыздармен тіркескен
          басқа буындық құрылыстарды оқыту келесі оқу жылына
          қалдырылады.
            Оқулық құрастыру барысында дамуында ауытқуы бар
          балаларды оқытуға арналған заманауи әдебиеттер және
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          отандық авторлардың зерде бұзылыстары бар қазақ тілді
          балалармен арнайы жүргізген зерттеулерінің нәтижелері
          басшылыққа алынды. Оқулықта балалардың сөздік қорын
          дамыту; сөздің буындық-дыбыстық құрамын талдау және


          4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11