Page 36 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 36
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Кезеңдік бақылау бағдарламаға сәйкес тақырыпты,
бөлімді оқып-үйренген соң өткізіледі. Бағалау құралдарына
күтілетін нәтижеге сәйкес дайындалған тапсырмалар мен
жаттығулар жатады. Мұндай тапсырмалар мен жаттығулар
көмегімен алдыңғы сабақтарда дағды қалыптастырылған.
Қорытынды бақылау тоқсанның, оқу жылының аяғында
өтеді. Мұғалім міндетті түрде сыныптағы әр оқушының
жыл бойы меңгерген білімінің жетістігі мен даму динами-
касын талдайды. Бұл динамика жыл бойы қадағаланып,
оқушылардың жетістігінің мәліметтер картасына жазылады.
Бір сыныптағы ақыл-ойы кем оқушылардың жетістіктері
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бірдей бола алмайды, олардың мүмкіндіктерінің айырма-
шылығы өте үлкен. В. В. Воронкова бойынша бірінші типтік
топтағы оқушылар «білімді қолдану» деңгейін меңгере ала-
ды. Екінші типтік топтағы оқушылар «түсіну» деңгейінің білім,
біліктерін игере алады, ал үшінші топтағы оқушылар «тану»
деңгейінің білім, біліктерін игере алады. Аталған типтік
топтарға жататын оқушылар бір тақырыптың төңірегенде
бір күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
Мұғалімнің оқушылармен жұмысының әдіс-тәсілдері де
әртүрлі болады. Төртінші типологиялық топтың оқушылары,
әдетте, жеке-дара бағдарламаға сәйкес басқа, неғұрлым
жеңіл, қарапайым материалдарды меңгереді. Осы оқу
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
материалының шеңберінде оқу жетістігін бағалау жүргізіледі.
Оқушының кез келген жетістігі, мейлі ол елеусіз болсын,
оң нәтиже ретінде қарастырылуы тиіс. Мұнда оқушылардың
жетістіктерін бір-бірімен салыстыруға болмайды. Оқушының
жетістіктері тек өзінің алдыңғы жетістіктерімен салысты-
рылуы керек. Зерде даму бұзылыстары бар оқушыларға
қатысты білімнің сапасы мен үлгерім пайызы анықталмайды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
34