Page 31 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 31

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           Екітаңбалы санның ондық құрамын бекіткенде, 10 тг-лік мо-
           нета ондықтың, неғұрлым ұсақ монеталар бірліктің символы
           (белгісі)  ретінде  қолданылады.  Монеталарды  қолданып
           ондықпен аттай отырып қосу және азайтуды орындағанда
           шынайы амалға құны үлкен монеталарды ұсақ монеталарға
           ұсақтау жатады. Мысалы: 14 тг – 5 тг.
             Жаттығулар шын монеталармен де, үлгілерімен де орын-
           далуы қажет. 20-ның көлеміндегі көбейту мен бөлуге 2 тг,
           5 тг монеталарды пайдаланып бірдей сандарға есептеу
           жүргізуге мысалдар құрастыру жаттығуларын орындатқан
           пайдалы.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Үшінші сыныпта ұзындықтың өлшемі сантиметр және де-
           циметрмен жұмыстар жалғасады. Ұзындықтың өлшемдері
           сантиметр мен дециметрге сәйкес нақты ұзындық, олардың
           бірлік  қатынастары  жайлы  білімді  бекіту  ұйғарылады.
           Ол  үшін  ұзындықты  өлшеуге  нақты  практикалық  жұмыс
           ұйымдастырылады. Мысалы, жолақ қағаздың, таспаның,
           баудың ұзындығын, партаны және дәптердің енін өлшеу
           жұмыстары.  Нысанның  ұзындығын  алдымен  дециметр,
           содан кейін сантиметрмен өлшеу тапсырмаларында санти-
           метр мен дециметрге сәйкес ұзындықтар салыстырылады.
           Ұзындық бірліктерімен жасалатын жұмыс көбейту кестесін
           оқып-үйрену жұмыстарына кіргізіледі.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Үшінші  сыныпта  уақыт  өлшемдерімен  жұмыс  жалғас-
           тырылады. Олар: сағат, апта, ай, жыл. Уақыт бірліктерін
           ұзындық бірліктері сияқты көрсету мүмкін болмағандықтан,
           оларды меңгеру оқушыларға қиындық туғызады. Сондықтан
           әдістеме бойынша күнделікті өмірдің жағдайлары пайда-
           ланылады: күн тәртібі, оқушының және оның туыстарының
           жеке өмірінен алынған жағдайлар (туған күн, ата-ананың
           жұмысқа баратын уақыты), тұрмыстық қызмет көрсететін
           әлеуметтік  нысандардың  жұмыс  істеу  уақыты  (дүкен,
           дәріхана, емханалардың ашылу және жабылу уақыттары).
           Көрнекі құрал ретінде сағаттың тілі қозғалатын циферблаты,

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          29
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36