Page 35 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 35
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Математика сабақтарына геометрия материалдарын қосу
оқушылардың жұмысын әртүрлі етеді, ой және практикалық
жұмыстарды алмастыру, ойын түріндегі және қызықты мате-
риалдарды қолдануға мүмкіндік береді. Осы материалдарға
тұрақты оралып отыру олардың ұмытылмауына ықпал етеді.
Геометрия жеке пән ретінде төменгі сыныптарда қарасты-
рылмайды.
Оқушылардың жетістігін бағалау
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың математика-
special.edu.kz. special.edu.kz.
ның оқыту материалдарын меңгеру дәрежесін бағалау
деңгейлік мақсат қоюға (білу, түсіну, білімді қолдану)
негізделген және білімді тексеру мен оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалауда бірыңғай тәсілді іске асыруға
бағытталған.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың оқу жетістігін
бағалау ішкі бағалау құралдары арқылы ғана жүзеге асады.
Бағдарлама материалдарын меңгеру деңгейін бағалауды
тікелей мұғалімнің өзі оқу үдерісінің барысында іске асыра-
ды. Арнайы «диагностика мен түзету-дамыту жұмыстарының
бірлігі» деп аталатын қағидаға сүйеніп мұғалім жүйелі
бағалау жасап отырады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
special.edu.kz. special.edu.kz.
оқушылармен жасалатын барлық педагогикалық үдеріс
аталған қағиданың негізінде құрылады.
Оқу нәтижесін бағалау ағымды (сабақта), кезеңді
(тақырыптық), қорытынды бақылау түрінде жүргізіледі.
Ағымды бақылау оқушылардың сабақ үстіндегі жұмысын
бақылау, практикалық, өздік және топтық жұмыстарды
талдау көмегімен жүргізіледі. Сабақ барысында бақылау
мұғалімнің сапалы оқу үдерісін ұйымдастыру үшін мұғалімнің
қолданатын оқыту тәсілдері мен мазмұнды түзету, жетілдіру
мақсатында жүргізіледі. Мұндай бақылау оқушыларды ын-
таландыру және тәрбиелік мақсатқа ие.
special.edu.kz. special.edu.kz.
33