Page 30 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 30

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.              2 : 2 = 1   special.edu.kz.
                               2 х 1 = 2
                               2 х 2 = 4
                                               4 : 2 = 2
           және  т.б.  Мұғалім  сұрақ  қояды:  Мысалдағы  өрнектер
           жұбының ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?
              Осындай сәйкес қоюдың нәтижесінде оқушылар көбейту
           мен  бөлудің  кері  амалдар  екенін  түсінуі  тиіс,  көбейту
           мысалының негізінде бөлуге есеп құрастырып үйренуі тиіс.
           Осындай сандары бірдей заттарды сәйкес қою, мысалы,
           екі дөңгелектен екі рет алу, сосын шыққан төрт дөңгелекті
           әрқайсысында екі дөңгелектен болатын етіп тең екі бөлікке
           бөлу пәндік-практикалық іс-әрекетті нығайтуға септігін тигізеді.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
              Заттар  және  шартты  көрнекіліктер  пәнді  оқытуда  ма-
           ңызды рөл атқарады. Ол абстрактілі оқу материалдарын
           оқушылардың зерделік мүмкіндіктеріне қарай оқып-үйре-
           нуіне  мүмкіндік  туғызады.  Ой  қызметінің  даму  бұзылыс-
           тары  бар  оқушылардың  басты  ерекшелігі  абстрактілеу
           мен жалпылау, ойша кері амалдарды орындау кезіндегі
           (мысалы, көбейтуден бөлуге көшу) қиындықтар болып та-
           былады. Сондықтан абстрактілі математикалық ұғымдар
           балалардың өмірлік тәжірибесіне жақын нақты практикалық
           жағдайларда қоршаған ортаның нақты заттарын қолданып
           енгізілуі және бекітілуі тиіс. Оқушылармен заттық-практи-
           калық жұмыс ұйымдастыру үшін біраз уақыт қажет болған-
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           дықтан, әр жаңа ұғымды енгізуге бірнеше сағат бөлінеді.
                     Шамалар мен олардың өлшем бірліктері

              «Шамалар» бөлімі (құн шамасы, ұзындық, уақыт, сыйым-
           дылық) оқулықтағы Санды белгілеу және Арифметикалық
           амалдар бөлімінің материалдарымен байланыстырылып
           өткізіледі. Үшінші сыныпта бағдарламада 1 тг, 2 тг, 5 тг,
           10 тг, 20 тг монеталарды айырбастау және ұсақтау біліктілігін
           жетілдіру ұйғарылған. Бұл оқу материалы сандарды бел-
           гілеу, арифметикалық амалдарды оқып-үйрену кезінде де
           қарастырылып, оқулықтың жаттығуларында көрініс тапқан.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           28
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35