Page 29 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 29
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
бөліктері (фрагмент) жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдер
көмегімен жатталады.
2 санына бөлу кестесін құрудың алдында оқушыларға
бөлу амалының нақты мағынасын түсіндіру керек. Бұл
бұйымдардың (нәрселердің) тобын (жиынтығын) тең бө-
ліктерге бөлу арқылы практикалық тұрғыда жағдаят туғызып
меңгеріледі. Мұғалім оқушыларды жаңа арифметикалық
амал – бөлумен, бөлу таңбасымен, бөлуге берілген мы-
салдарды оқу және жазумен таныстырады. Сосын 2-ге
бөлу кестесін құру жұмысына көшеді. Кесте бұйымдардың
жиынтығын 2-ге тең бөліп, практикалық іс-әрекеттің нәти-
special.edu.kz. special.edu.kz.
жесінде кесте құрылады. Бөлу қарастырылып отырған жағ-
дайда ең кіші жиыннан басталады. Мұғалімде нәрсе (зат,
бұйым) екеуден бар. Мұғалім тең 2 бөлікке бөлуді ұсынады.
Әр бөлікте қанша заттан бар (тәрелкеде, стақанда, қорапта)?
– Қандай санды бөлдік?
– Қанша тең бөлікке бөлдік?
– Әр бөлікте қанша заттан (бұйым, нәрседен) бар?
– Бөлуге қандай мысал жаза аламыз?
– Оны тақтаға және дәптерге жазайық.
Әрі қарай осыған ұқсас 2-ге бөлу кестесіндегі келесі
жағдай қарастырылады. Оқушыларға дәл жоғарыдағыдай
сұрақтар қойылады. Кестедегі екінші жағдай біріншінің асты-
special.edu.kz. special.edu.kz.
на жазылады т.с.с. 2-ге бөлу кестесін құруға бірнеше сабақ
кетуі мүмкін. Кесте толық құрылған соң оны жаттау баста-
лады. Жаттау алдында айтып өткендей, көбейту кестесімен
жасалған жұмысқа ұқсас, кестенің құрылымын қарастырудан
басталып, көрсетілген тәсілдер қолданылады.
20-ның көлеміндегі 3, 4, 5-ке бөлу кестесін құру мен оны
жаттау 2-ге бөлу кестесіндегідей ұйымдастырылады.
Бөлудің әр кестесін оқып-үйренген соң көбейту кестесін
оған сәйкес бөлу кестесімен салыстыруға уақыт бөлген жөн.
Ол үшін салыстырылатын екі кесте қатар жазылады. Бұл
салыстырылатын жолдарды есте сақтау мен қабылдауды
жеңілдетеді: 27
special.edu.kz. special.edu.kz.