Page 24 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 24
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ондықтардан аттамай қосу мен азайту амалдары оқы-
лып болған соң ондықтан аттай отырып қосу мен азайту
жағдайына көшуге болады. Олар кестелік жағдайға жатады
және оларды оқушылар жатқа білуі керек. Қарастырылған
жағдайлар 100-дің көлеміндегі сандар, көптаңбалы сандар,
ондық бөлшектерді қосу мен азайтуға есептеулер жүргізу
тәсілдерінің негізіне жатады. Ондықтан аттай отырып азайту
төменгі сынып оқушылары үшін күрделі тақырып. Себебі
есептеу тәсілі біртаңбалы сандардың құрамы және екітаң-
балы сандардың ондық құрамы жайлы білімді қажет ететін
бірнеше ойша амалдар орындауды қажет етеді.
special.edu.kz. special.edu.kz. 7 = 5 + 2 special.edu.kz.
Мысалы: 8 + 4 =
15 – 7 =
4 = 2 + 2
15 – 5 = 10
8 + 2 = 10
10 + 2 = 12
10 – 2 = 8
Разрядтан аттай отырып қосу мен азайту амалдарын
орындаудың жиі кездестін басты қиындығы біртаңбалы
сандардың құрамы жайлы білімнің жеткілікті дәрежеде
меңгерілмеуінде.
Әдістемеде разряд арқылы қосудың барлық жағдайларын
алдымен оқып-үйрену мен осы жұмыстың нәтижесінде кес-
те құрастыру ұсынылады. Содан кейін азайтудың барлық
түрлерін қарастыру керек.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Есептеу тәсілдерінің ерекшеліктерін көрнекі етіп көрсету
үшін арнайы көрнекі құрал – екі горизонталь қатардан
тұратын, әр қатарда 10 қалташасы бар матадан тігілген
жиынтық қолданылады (1-сурет). Қосуды көрсеткенде,
төменгі қатарға бір түсті дөңгелекпен белгіленген бірінші
қосылғыш, одан кейін басқа түспен белгіленген екінші
қосылғыш қосылады. Мұнда алдымен бірінші қатар толғанша
(10-ға дейін қосады) қойылады, екінші қосылғыштың қалған
дөңгелектері екінші қатардың үстіне тізіледі. Бұл тәсіл бірінші
қосылғышты онға дейін толықтыру, одан кейін онға екінші
қосылғыштан қалған бірліктерді қосуды көрнекі етеді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
22