Page 23 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 23

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйренеді. Басты назарды
           11-20 сандарының ондық құрамын оқып-үйренуге аудару
           керек. Себебі, бұл білімдер негізінде 20, 100 көлеміндегі
           және  көптаңбалы  сандарға  амалдар  қолданып  есептеу
           жұмыстары оқып-үйретіледі.
             1-ден бастап кез келген санға дейін және кері сандарды
           атай білу (санау) дағдысы қалыптасады. «Ілгері озу» техно-
           логиясына жататын бірдей топталған заттарды және 2,3,4,5-
           тен топталған сандарды санау жұмыстары жүйелі жүргізілуі
           тиіс. Өйткені бұл білімдер көбейту ұғымын енгізу үшін қажет.
             Сандарды алу, оларды шамалары бойынша салыстыру-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           ды көрнекі етіп көрсету үшін таяқшалар, моншақтар, есеп
           шоттар, басқа да материалдар (Нумикон, Монтессори-ма-
           териалдары) топтап қолданылады. Екітаңбалы сандарды
           жазу,  ондықтың  құрамын  ұғыну,  санның  жазылуындағы
           цифрдың орнына сәйкес мәнін жазу үшін абак пен разрядтық
           тор қолданылады. 11-20 сандарының сан қатарындағы ор-
           нын оқып-үйрену үшін сызғыш, бірінші және екінші ондық
           сандардың екі қатарға жазылған кестесі қолданылады.
             11-20  сандарын  белгілеумен  танысып  болған  соң  20
           көлеміндегі  сандарды  разрядпен  аттамай  қосу,  азайту
           жағдайлары қарастырылады. Оларды енгізу реті күнтізбелік-
           тақырыптық жоспарда берілген. Әр жағдайға бірнеше сағат
           бөлінеді. Әр жағдай алдыңғы жағдайды шешу біліктілігі бар
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           деп ұйғарылады. Сол себепті алдыңғы мысалдарды меңгеріп
           алмай келесі жаңа мысалдарға көшуге асығуға болмайды.
           Бұл сабақтардағы басты оқыту міндеті – оқушылардың есеп-
           теу әдістерін (мысалдарды шешу тәсілдерін) қалыптастыру.
           Есептеу тәсілдері оқулықта көрсетілген. Оның негізіне санның
           ондық құрамы, 10 санының көлемінде қосу мен азайтуды
           білу жатады. Егер оқушылар базалық білімді меңгермесе,
           онда  20-ның  көлеміндегі  қосу,  азайту  амаларын  үйрету
           қиын. Сондықтан арифметикалық амалдарды оқып-үйретпес
           бұрын мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруге
           дайындығының жеткілікті екеніне назар аудару қажет.

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          21
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28