Page 18 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 18
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқу материалының мазмұнын талдау және
оны оқып-үйрену әдістерінің ерекшеліктері
Бағдарламаның мазмұны мен жоспарлау
Үшінші сыныпқа арналған бағдарлама материалы дәстүр-
лі математика бөлімдерінен құрастырылған:
1) «нумерация»;
2) «Арифметикалық амалдар» бөлімі;
3) «Арифметикалық есептер» бөлімі;
4) «шамалар» бөлімі;
5) «көрнекі геометрия элементтері» бөлімі.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Типтік оқу бағдарламасының мәтінінде 3-сыныпқа
арналған оқу пәнінің базалық мазмұны жан-жақты талданған,
сонымен қатар күтілетін нәтиже оқыту мақсаттарының жүйесі
түрінде көрсетілген. Оқыту мақсаты оқушылардың іс-әрекеті
түрінде тұжырымдалған, ол әр бөлімнің оқу материалын
оқып-үйрену ретін анықтайды, сонымен қатар оқушылардың
жетістігін бағалау критерийі болып табылады.
3-сынып математика курсының негізгі бөлімдері – маз-
мұны күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы оқу тақырыптары-
ның атауын анықтайтын «Нумерация» мен «Арифметикалық
амалдар» бөлімдері. Осы әдістемелік құралда 3-сынып
математика сабақтарын күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
үлгісі ұсынылған (1-қосымша).
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әр тақырыпты оқытуға бірнеше сағат бөлінген. Бір
тақырыпқа арналған сабақтар оқу мақсаттарымен ерек-
шеленеді. Ол мақсаттарды мұғалім математика пәні
бойынша Типтік бағдарламадан табады. Мұғалім сы-
нып оқушыларының мүмкіндігіне қарай бағдарламадағы
тақырыпқа бөлінген сағат санын өзгертуге құқылы. Сағат
санын өзгерту себебі күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы
«Ескертулер» бағанына жазылады. Жаңа тақырыпқа
көшу 1 және 2-типтік топтағы (В. В. Воронкова бойынша)
оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейіне байла-
нысты анықталады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
16