Page 17 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 17
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
ларының материалды меңгеру деңгейіне қарай таңдайды.
Міндетті қайталануы тиіс материалдарға жаңа тақырыптың
негізгі немесе құрамдас бөлігі жатады.
6. Ақыл-ойы кем оқушылардың жалпылау мен абстрактілі
ойлау қызметінің төмендігін ескеріп, жаңа материалды
индуктивті жолмен, яғни нақты фактілерді қарастырудан
бастап түсіндіріп, оларды жалпылау және ұғымдар мен
қасиеттерді тұжырымдауға біртіндеп әкеледі. Мұнда жаңа
білімді ұғынып, саналы түрде меңгеруге ықпал ететін тану
үдерісіне белсенді қатысуға деген оқушы қызығушылығын
арттыру мүмкіндігі туады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
7. Зерде даму бұзылыстары бар оқушылар қалыптасқан
ұғымды екінші бір басқа, ұқсас, қарама-қарсы ұғымдардан
ерекшелейтін нақты белгілері бойынша әрең ажыратады
және ұғымдарды шатастыра береді. Сондықтан оқыту
үдерісінде мұғалім салыстыру, сәйкес қою, қарама-қарсы
қою (кері амал) тәсілдері арқылы жаңа материалды меңгеру
барысында кездесуі мүмкін дәлсіздіктерді ескертіп оты-
руы тиіс. Азайту амалы қосу амалымен (кері амал) сәйкес
қойылады, қосу амалы көбейтумен салыстырылады (ұқсас
амалдар), бірнеше бірлікке азайту амалы бірнеше бірлікке
арттыру ұғымына қарсы қойылады және оған ұқсас бірнеше
есе арттыру ұғымына сәйкес қойылады.
8. Басқа пәндермен (оқу және тіл дамыту, айналадағы
special.edu.kz. special.edu.kz.
әлем, бейнелеу өнері) пәнаралық байланыс математика-
лық абстрактіні ұғынуға қажет негіз құрайды. Әсіресе қол
еңбегі сабақтарымен математиканың байланысы маңызды.
Қол еңбегі сабақтарында математикалық мазмұндағы ма-
териалдарға қатысты «Ілгері озу» жүзеге асады. Балалар
қолдан бұйым жасай отырып тәжірибе жинақтайды, бұйым
материалының қасиеттерін, сапасын байқайды. Мұның бәрі
бастапқы математикалық түсініктердің қалыптасуы бары-
сында бақылау тәжірибесі мен сезіп-білуді қолдануға негіз
болып табылады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
15