Page 15 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 15

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           қолданылады: есептеу (санау) таяқшалары, абак, шоттар.
           Соңғы  кезеңде  схемалық  (сызба)  көрнекіліктер  (сызба,
           сызбанұсқа, кестелер) мен цифр және таңбаларды қолданып
           жазылған математикалық жазбалар пайдаланылады.
             Көрнекілік құралдарды көрсетіп қана қоймай, осы құралдар
           көмегімен оқушыларды практикалық іс-әрекетке қосу керек.
           Заттық-практикалық  жұмыс  математикалық  қатынастар,
           арифметикалық амалдарды нақтылауға мүмкіндік береді.
           Бұл іс-әрекет оқушылардың есінде қалған көрнекі ойлау
           жұмысына негізделеді.
             3. Оқушылардың практикалық және ой жұмысын тілмен
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           байланыстыру түсініктің қалыптасуына ықпал етеді. Мұғалім
           оқушылардан олардың не ойлағанын және практикалық іс-
           әрекетін әңгімелеп беруін сұрап, тілін дамытуға жетелейді.
           Тіл  мен  практикалық-ой  жұмысын  ұштастыруды  жүзеге
           асыру жолдары әртүрлі.
             1) практикалық немесе ой жұмысын қалыптастырудың
           алғашқы кезеңінде оларды байланыстырудың неғұрлым
           қарапайым оқыту формасын қолданған жөн. Мысалы, педагог
           жаңа тақырыпты, ойлау мен практикалық іс-әрекеттің жаңа
           тәсілін көрсетіп түсіндірген соң, оқушылардан мұғалімнің
           көрсеткенін қайталауды сұрап, одан кейін не істегендерін
           және қалай жасағандарын әңгімелеп беруді өтінеді. Мұнда
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           оқушылар алдымен мұғалімнің жетелеуші сұрақтарына жа-
           уап береді. Содан кейін сұрақтар азая береді де, оқушы өзі
           тапсырманы қалай орындағанын айта бастайды;
               2)  келесі  кезеңде  оқу  материалын  пысықтаған  соң
           оқушылар үшін ең қиын кезең – тіл мен іс-әрекетті бай-
           ланыстыруға көшуге болады. Бұл кезеңде оқушылар өз іс-
           әрекеттерін түсіндіреді. Бұл жұмыстың қиындығы мынада:
           оқушы екі істі бірге орындайды. Мысалы: сызбанұсқа сызады
           және оны қалай орындағанын түсіндіреді. Өз іс-әрекетін
           түсіндіру оқушылар үшін қиын жұмыс. Қарастырып отырған
           сөйлеу  формасы  мен  іс-әрекетті  мүлде  байланыстыра

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          13
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20