Page 11 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 11
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
малардың оқыту үдерісіне қосу мүмкіндігі арта береді.
Мұғалім мен тәрбиеші арнайы мектептің негізгі міндеттерінің
бірі – оқушыларды отбасы мен қоғамда өздігінен өмір
сүруге дайындауға ықпал ететін бірқатар жағдаяттық
тапсырмалардың авторы бола алады.
Ақыл-ойы кем төменгі сынып оқушылары үшін білімнің
көзі жалғыз оқулық бола алмайды. Сондықтан оны білімді
пысықтау мен білік, дағдыны қалыптастыру кезеңдерінде
көбірек қолданып, ал жаңа материалды түсіндіргенде
көрнекілікті, оқушылардың заттық-практикалық әрекетін
бақылау мен экскурсияға басымдылық танытқан жөн.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Жұмыс дәптері оқулық мазмұны мен оқушылардың әр
сабақта орындайтын заттық-практикалық жұмысын толық-
тырады. Онда өтілген материалдарды есте сақтау мен мең-
герген дағдыны жоғалтпау мақсатында құрастырылған жат-
тығу тапсырмалары бар. Жұмыс дәптері оқушының сынып-
та және үйде өздігінен жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік туды-
рады.
Жұмыс дәптеріндегі жаттығулар зейін салу, талдау-син-
тездеу қызметі, салыстыру, сәйкестендіру, қарсы қою, көру
координациялары, өзін-өзі бақылауды талап ететін оқушы-
ның белсенді қызметіне негізделген. Жұмыс дәптеріндегі жат-
тығуларды оқушы үшін басқалардың орындауына болмайды.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқушының барлық орындаған жұмысын мұғалім төмен-
дегілерді анықтау үшін талдайды:
– оқушыға жеке көмек беру;
– тоқсан аяғында, оқу жылының соңында тақырыпты,
бөлімді меңгеру деңгейін тексеру.
Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың әр тақырып шеңбе-
рінде жасаған барлық жұмысын қадағалап, талдау жасайды.
Бұған бақылау тапсырмалары да кіреді. Содан кейін оқу
материалының меңгерілу жетістігі жайлы ой қорытады.
Тоқсанның аяғы мен жылдың соңында түптелген жұмыс
дәптері, оқушы дәптері, практикалық жұмыстар оқушының
портфолиосын құрайды. 9
special.edu.kz. special.edu.kz.