Page 7 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 7
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
Оқу тапсырмалары жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға
математиканы оқытудың арнайы әдістемесіне сәйкес
құрастырылған. Олардың танымдық іс-әрекеттерінің
ерекшеліктері ескерілген: қабылдау мүмкіндігінің шектелуі,
мақсатқа жету мен белсенділігінің, ойлау қабілетінің
төмендігі, кеңістікті бағдарлаудың қиындығы.
Оқулықтағы және жұмыс дәптеріндегі оқу материалы
оқушылардың қабылдау мүмкіндігі ескеріліп құрастырылған.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқулықтың бетінде бір сабақтың материалы толық беріл-
меген. Тақырып оқулықта білім мен дағдыны қалыптастыра-
тын тапсырмалар мен жаттығулардан басталып, деңгейлік
ретіне қарай білу деңгейінен түсіну, одан әрі білімді қолдану
деңгейіне дейін ашылады.
Мұғалім оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқа-
рып, оларды білуден түсінуге, әрі қарай білімді қолдану дең-
гейіне жетелеуге ұмтылады. Дегенмен мұғалім сыныпта әр-
қашан дағдының ең жоғарғы деңгейін меңгерген оқушылардың
болатынын есте ұстауы қажет. Мұндай оқушыларға оның
деңгейіне сәйкес оқу материалдарымен жұмыс істеуге
мүмкіндік берумен қатар тапсырмаларды нәтижелі орын-
дау үшін қажет көмек көрсету керек. Оқулық пен жұмыс
special.edu.kz. special.edu.kz.
дәптеріндегі барлық тапсырмаларды орындау міндетті емес.
Мұғалім өтілетін тақырыптың аясында әр сабаққа оқу
материалының деңгейіне және сынып оқушыларының
мүмкіндіктеріне қарай тапсырмаларды өзі таңдайды.
Тапсырмалардың күрделілік деңгейін көрсету мақсатында
түрлі түсті дөңгелек түрінде шартты белгі қойылған. Жасыл
дөңгелек – төменгі деңгей. Ол материалды білу деңгейіне
жатады. Жасыл дөңгелекпен келесі орта деңгей ерекше-
ленген. Ол математикалық қатынастарды түсіну, заттық
іс-әрекетті (затпен жасалған жұмыс) математикалық жазба
түріне көшіру, оқушы өз сөзінде математикалық терминдерді
special.edu.kz. special.edu.kz.
5