Page 6 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 6

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           оқушыларының танымдық іс-әрекетіндегі кемшілік, өздігінен
           жұмыс істеуі қабілеті мен белсенділігінің төмен деңгейде
           болуы, сонымен қатар бір сыныпта оқитын оқушылардың
           білімді қабылдау мүмкіндіктерінің әртүрлі болуы оқулық пен
           жұмыс дәптерінің маңызы мен қатар қолданылу аясын да
           шектейді. Мұны мұғалімнің ескергені жөн.
               Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларына
           математиканы  оқытқанда  көрнекі  құралдардың  маңызы
           зор. Нақты зат (бұйым, нәрсе) пен арнайы дидактикалық
           құралдарды оқушылар өздерінің практикалық іс-әрекеттерінде
           мұғалімнің қадағалауымен міндетті түрде қолданады. Мұғалім
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           үнемі оқушылар меңгеруі қажет іс-әрекетті көрсетіп отырады:
           жазу, сызу, сурет салу үлгілерін қысқаша сөзбен түсіндіреді,
           жетелейтін сұрақтар қоя отырып сөзбен нақты нұсқау береді.
           Оқулықтағы және жұмыс дәптеріндегі жаттығулар сабақтағы
           практикалық жұмысты толықтырады және білімді пысықтау
           мен дағды қалыптастыруға бағытталған.
              Сонымен қатар оқулықта математикалық жазу үлгілері,
           есептеу реті (алгоритмі), ұғымдардың анықтамасы берілген.
           Бұл мұғалімге математиканы оқытудың арнайы әдістемесі-
           нің талаптарын орындауға көмектеседі.
              Мұғалімге  көмек  ретінде  бағдарламаға  сәйкес  мате-
           риалдарды оқыту ретін анықтау мақсатында әдістемелік
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           нұсқаулыққа күнтізбелік-тақырыптық жоспар енгізілген.
              Типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған түсініктеме
           жазбаның негізінде оқу материалының тоқсанға бөлінуі үлгі
           ретінде ұсынылған.
              Сондықтан әдістемелік нұсқаудағы күнтізбелік-тақырыптық
           жоспарды мұғалім жоспарлау үлгісі ретінде қарастырғаны
           жөн. Әр тақырыпқа бөлінген сағат саны да шамамен алынған.
           Бұл жоспар бойынша жұмыс жасау міндеттелмейді.
              Мұғалім  балалардың  материалды  меңгеру  деңгейіне
           қарай өтілетін тақырыптарға қажет сағат санын өзгертіп,
           оқу материалдарын бір тоқсаннан екінші тоқсанға көшіруіне
           болады.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11