Page 8 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 8
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
пайдалану дағдысын меңгеруді көздейді. Оқушының мұндай
іс-әрекеті түсіну деңгейіне жатады. Қызыл дөңгелекпен алған
білімді оқу мен өмірде пайдалануды меңзейтін жоғарғы
деңгей көрсетілген.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар суретпен
(зат көрсетілген және сюжеттік картинкалар, геометриялық
фигуралар мен кестелердің сұлбалық кескіні) толықтырыл-
ған. Сонымен қатар сандық материалдар, тапсырмаларды
орындау тәртібі, нұсқаулық, дәптерге жазу үлгісі көрсетіл-
ген. Оқушы тапсырмалар мен сұрақтарды өзі оқиды деп
ұйғарылған. Қажет болса, мұны мұғалімнің өзі орындай-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ды. Тапсырмаларды орындау, есептердің шешуін жазу,
сандар мен өрнектерді салыстыру, оны жазу үлгісі түспен
ерекшеленген.
Оқулықта оқу тапсырмаларынан басқа ережелердің
қысқаша берілу түрі, ұғымдардың анықтамалары, анықта-
малық материалдар (шамалардың бірлік қатынастары) бар.
Ережелердің мәтіні, ұғымдардың анықтамасы, нұсқаулық
әртүрлі түспен ерекшеленген.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар оқушылар-
дың математика пәніне тән оқу-танымдық іс-әрекеттерінің
алуантүрлілігін қамтамасыз етеді. Іс-әрекеттердің кейбір
түрлері тапсырманың алдына шартты белгімен көрсетілген.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқу тапсырмаларының мұндай түрлеріне жататындар:
– қарындаш және сызғыш көмегімен орындалатын тап-
сырмалар;
– сандар мен өрнектерді салыстыруға берілген тапсыр-
малар;
– математикалық өрнектерді арифметикалық амалдар-
мен толықтыратын тапсырмалар;
– жағдаят туғызатын тапсырмалар.
Жағдаят туғызатын тапсырмаларға тоқталып, түсінік беріп
кеткен жөн.
Оқулықтағы жағдаят туғызатын тапсырмалардың мақсат-
тарының бірі ақыл-ойы кем оқушыларға білім беру ба-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
6