Page 13 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 13

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Екінші  топтағы  оқушылар  мұғалімнің  жалпыға  бірдей
           түсіндірген материалын қабылдайды, бірақ көрнекі құралдың
           көмегін  қажет  етеді;  оқылып  жатқан  материалды  есте
           жақсы сақтайды, дегенмен мұғалімнің көмегінсіз қарапайым
           қорытынды жасап жалпылай алмайды. Олардың жұмыстың
           қай түрін болмасын өздігінен орындау белсенділігі төмен,
           мұғалімнің  ұйымдастыру  мен  белсенділігін  арттыруына
           мұқтаж. Бұл екінші топқа кіретін оқушылардың бірінші топтан
           басты ерекшеліктері болып табылады.
             Үшінші топтың оқушылары сабақ үстінде жалпыға бірдей
           жұмыс жүргізілгенде бағдарламаның материалдарын әрең
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           меңгереді. Олармен қосымша жеке жұмыс жүргізу қажет.
           Пәндік-практикалық қызметті көрнекі құралдар көмегімен
           ұйымдастыру үшінші топқа жататын оқушылардың толық-
           қанды білім алуына кепіл болмайды.
             Төртінші топтың оқушылары арнайы мектеп бағдарла-
           масына сәйкес оқу материалдарын ең төменгі деңгейде
           меңгереді. Білімді зейін қойып түсініп емес, жаттап меңгер-
           гендіктен тез ұмытады. Оларға өте көп қосымша жаттығулар
           орындату керек, сонымен қатар тапсырмаларды орындаған
           кезде мұғалім тарапынан үнемі қадағалау мен көмек қажет.
           Оларға  жалпыға  бірдей  түсіндіру  жеткіліксіз.  Мұндай
           оқушыларды әр балаға жеке дайындалатын қысқартылған
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           бағдарлама бойынша оқытады.
             Бірінші, екінші, үшінші типтік топтардағы оқушылар бір
           тақырып,  бір  күнтізбелік-тақырыптық  жоспар  бойынша
           оқытылады және саралап оқыту түрлері жүзеге асырылуы
           тиіс:
             – оқушылардың өздігінен жұмыс істеу деңгейі;
             – мұғалім тарапынан берілетін көмек түрі;
             – дидактикалық-көрнекі материалдардың түрі;
             – орындалатын жұмыс көлемі;
             – оқу тапсырмаларының күрделілігі және т.б.
             Оқулық пен жұмыс дәптерінде саралау тапсырмалары
           түрлі  түсті  дөңгелекпен  ерекшеленген.  Саралап  оқыту
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18