Page 9 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 9
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
рысында математиканы оқытудың практикалық бағытын
қамтамасыз ету болып табылады. Бұл – қарастырылып
отырған санаттағы оқушыларға білім беруде оқыту үдерісін
ұйымдастырудың басты ерекшеліктері.
Жағдаяттық тапсырмалар практикалық бағдар беруге
бағытталған. Дегенмен оны орындау үшін нақты пәндік білім
қажет. Мұндай тапсырмаларда бірнеше пәннің білімі қажет
болатын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан жағдаяттық
тапсырмалардың пән бойынша білімді практикалық-
бағдарлық негізде жүйелеуге ықпалы зор. Оқушылар оқу
қызметінің әртүрлі тәсілдерін меңгере отырып, пән бойынша
special.edu.kz. special.edu.kz.
алған білімдерін қолдану арқылы жеке мәселелерді шешеді.
Жағдаяттық тапсырмаларды білім беру жаттығулары ретінде
де, бақылау тапсырмалары түрінде де қолдануға болады.
Жағдаяттық білім беру тапсырмалары бірқатар оқу
міндеттерін шешеді:
– оқушылардың қоршаған ортаны тануға деген қызығу-
шылығын арттыру;
– оқу қызметінің негізінде жеке мәселені шеше білу мақ-
сатында пәндік білімді маңызды ету;
– оқушылар мен мұғалімдердің, оқушылар мен отбасы
мүшелерінің, оқушылар мен адамзат қызметінің әртүрлі
салаларында (дүкен, дәріхана, көлік) еңбек ететін ере-
special.edu.kz. special.edu.kz.
сектердің арасындағы қарым-қатынас, серіктестік тіл табысу
дағдыларын қалыптастыру.
Жағдаяттық тапсырмалардың практикалық мазмұны оның
орындалуынан айқындалады. Оның орындалуы кезінде
оқушы оқу үдерісінің төңірегінен шығып, әлеуметтік өмір
кеңістігіне өтеді. Осылайша жағдаяттық тапсырмалар-
ды орындау оқушыларды әлеуметтендіру тәсілі ретінде
қарастыруға болады.
Жағдаяттық тапсырмалар мәселе есептерге жақын
және іс-әрекет пен оқу қызметін айқындау мен ұғынуға
бағытталады. Жағдаяттық тапсырмаларды орындау ба-
рысында мұғалім мен оқушының мақсаты әртүрлі болады:
special.edu.kz. special.edu.kz.
7